jasqazaq.kz

Оққа ұшқан оқушының анасы пікір білдірді (видео)

23 қазан 2017, 18:33

Қайтыс болған оқушы Владимир Машкиннің анасы Светлана балық аулауға барған балалардың барлығы дос болғанын айтады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі Мой город-қа сілтеме жасап.

«Олар төртеу болды. Барлығы да жақсы балалар. Бізге жүгіріп келді, уайымдап бірге жылады. Бұл жазатайым оқиға. Бұл жерде ешкімді кінәлаудың қажеті жоқ» дейді қайтыс болған оқушының анасы.

Владимир Машкиннің ағасы да жасөспірімдер қарудың оқтаулы болғанын білмегендерін, бұл жазатайым оқиға екенін айтуда.

«Жасөспірім кезеңдегідей ұлдар аң аулағысы келді ме, атқысы келді ме… Қаруды қолына алған бала оның оқтаулы екенін білместен, олай-былай айналдырған, одан кейін байқамай шүріппесін басып қалған. Ол кезде біздің Володя шеткерірек жерде телефонмен сөйлесіп тұрған. Оқ кеудесіне тиген. Ескі үлгідегі қару болғандықтан, сақтандырғышы болмаған» дейді қайтыс болған баланың ағасы.

Еске сала кетейік, 20 қазан күні Оралда 9-сынып оқушысы сыныптасын атып тастаған болатын.

Бүгін, 15:56
Баланың психологиялық саулығы – қоғамның басты құндылығы
22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда
19 тамыз, 12:15
InEco Fest 2025: Алматыда экология, инклюзия және қала мәдениетін біріктірген фестиваль өтті
19 тамыз, 11:59
Музыка – жасөспірім жанының айнасы
18 тамыз, 14:54
Заманауи аппараттардан – жақсы нәтиже
16 тамыз, 12:34
Шымкент: Жарты жылда 1181 ерекше бала оңалтудан өтті
15 тамыз, 12:19
Биғайша Нұрғазинова: Ерекше балалар қоғамға кірігуі тиіс