Ол Түркияның Түнжелі ауданының Чемішгезек ауылынды қой сауып қиыншылықта күн кешіп жүр. Оның аты Хабиб Биткин. Хабиб қой баға жүріп 6 сабақтан болатын TEOG атты емтиханның 120 сұрағының 119-ына дұрыс жауап берді. Сол арқылы ол Түркия бойынша екінші көрсеткішке жеткендердің қатарынан табылды.
Хабиб сабақатан қолы қалт еткенде қой бағып отбасына көмектеседі. Дайындық мектептен орта мектепке өту үшін тапсыратын (TEOG) емтиханда барлық ауыртпалықты артқа тастап Түркияда екінші болғандардың арасына кірді. Ауылда жүрген кезде қой бағудан қолы тимейді. Ес білгелі отбасына көмектесуден еш жалыққан емес. Емтиханда жоғары ұпайға қол жеткізуі де сол еңбекқорлығының арқасы. Отбасы мен мұғалімдеріне қуаныш сыйлаған ол көңіл-күйімен былайша бөлісті: Емтиханда барлық сұраққа дұрыс жауап беруді қаладым. Алайда олай болмады. Бұйыртса алдағы оқу жылдарында барымды саламын. Мектепте қонып оқып жүрмін. Аптасына бес күн сол жерде боламын. Апта соңында ауылға келіп үй шаруасына көмектесемін. Қазір отбасым мал шаруашылығымен айналысады. Қыста ауылда жазда жайлауда күнім өтіп жатыр.
Мал жайылып жүргенде тест жаттаймын
“Қой бағуға шыққанда кітаптарымды да өзіммен алып жүремін”,- дейді ол. “Отбасымның жағдайы расында ауыр. Алайда бұл үшін ешқашан мойымаймын. Қиындықтарды еңсердім. Мектептен тыс сабаққа дайындалуға ешқандай мүмкіндік жоқ. Сол үшін мұғалім түсіндіріп жатқанда ыждаһаттылықпен тыңдаймын. Өріске қой өргізгенде өзіммен міндетті түрде кітап немесе тест жинағын ала шығамын. Отар біраз тояттағанда бірден қолыма кітабымды алып оқи жөнелемін. Өміріме ризамын алайда мына жұмыстан кейде ығыр боламын. Қатты шаршаймын және бұлай жасауға мәжбүрмін”, — деп бізге бар сырын ақтарды.
“Қой сауудан қолдарым күс болды. Бұл күс өмірімде кете ме кетпей ме білмеймін. Алайда бұл мен үшін мақтаныш. Өміріміз осылай, шарам не?. Ауылдың білім жүйесі айтарлықтай табысты. Емтиханда барлық сұраққа дұрыс жауап берген достарым бар. Мұғалімдеріміздің еңбегі орасан зор. Олар қолдарынан келген көмектерін аямады. Ұздаздарымыз бізді бізден жақсы біледі деп айта аламын. Алға қойған мақсатым ауылыма, еліме еңбегі сіңетін азамат болу. Келешек мамандығыма да адал боламын.”
Ғалым болуды қалаймын
Болашақта биотехнология маманы болуды армандайтын Хабиб білім жолын қууды, ғалым атануды қалайтынын айтты. “Білім адамы боламын дегенде тұрмысымды бетке басқандар да болды. 6-сыныпта оқып жүргенде ұстазым елімізді дамытатын дүниелер жасаңдар деген болатын. Білімнің, ғылымның маңыздылығы туралы оқытушымнан көп естідім. Технология мен ғылымды терең меңгеру арқылы еліме пайдалы бола аламын”, — деді ол.
Ұлының жетістігіне бақытты екенін білдірген әкесі Мұстафа Биткин: “Ұлымның еш мүмкіндігі жоқ бола тұра бағындырған биігіне разымын. Тіршілігіміздің қандай екені белгілі. Мал шаруашылығымен айналысамыз. Менің ұлым басқа оқушылардан бір ұпай төмен алған екен. Баламның мүмкіндігі басқа оқушылардікімен бірдей емес. Сол себепті балама ризамын. Болашақта оны биіктерден көргім келеді. Егер жақсы адам болмаса онда мамандықтың еш маңызы жоқ деп ойлаймын”, — деді әкесі. Ол баласының өзімен бірдей дәрежеде еңбек ететінін де тілге тиек етті.
Түрік тілінен аударған: Әбдіманап КЕҢЕС