jasqazaq.kz

Оқушылар мектепке жете алмай жүр

11 қазан 2016, 22:27

zhzhzhzhzhzh

Ақтөбеде қала маңындағы ауылдардың оқушылары 10 күннен бері мектепке бара алмай отыр. Өйткені оқушы тасымалдайтын автобустар  бензин жоқ деп тоқтап қалған. Енді ата-аналар амалсыз, балаларын үйде оқытуға мәжбүр.

Қазан айы басталғалы бері Ақтөбеде құдды бір, оқу жылы аяқталғандай, бүтіндей бір ауыл балалары аулаларында жүр. Оларды таситын автобус алдымен ақау шығып, бұзылса, артынша жанар- жағармайдың жоқтығынан тоқтап қалыпты. Тұрғындар сөзінше, бұл «құс Фабрикасынан» бөлек тағы екі ауылда қайталанып отырған жағдай.

 АЙГУЛ САФИНА, Тұрғын:

— 10 күннен бері балаларымыз сабаққа барған жоқ. Ертең әлі бір ай болмайды дейді. Оқушылар айтып келіп жатыр. Үйде отыр қазір балаларымыз. Оны жаяу шығарып жіберсең қанша жерге қалай барады?

— Мектепке барғымыз келеді, бірақ та алыс мектеп. Автобус жоқ, күн салқын.

ЖАНАР ҚОЖАНОВА, Тілші:

— Мектеп пен ауылдың ара қашықтығы 3 шақырымдық жол. Автобус тоқтағалы міне мына жолмен ауылдың балалары мектепке жаяу қатынауға мәжбүрлі. Онда да қазір барып жүргендері тек жоғарғы сыныптың оқушылары ғана. Бірақ ата-аналар қазіргі қоғамдағы түрлі жағдайларға байланысты өз балаларын жаяу жіберуге қорқады.

Мектеп басшылығы автобустың тоқтап қалу себебін қалалық білім бөлімі жанар-жағармайға керек қаржыны бермей отырғанынан деп түсіндірді.

ГҮЛНАЗ АЙМУРЗИН, №41 орта мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары:

— Жанар-жағармайдың таусылуына байланысты. Ол үшін жергілікті бюджеттен қаражат бөлінуі қажет. Қазіргі таңда қаражаттың болмауына байланысты, ақша бөлінбей тұр. Сол себептен де тасымал тоқтап тұр.

2016 жылғы бюджет бойынша жанар- жағармайға 1 852 000 теңге  қаржы бөлінген. Бірақ соның бүгінгі күнге дейін тек 600 000 ғана игеріліпті. Қалған ақшаны қалалық білім бөлімі әлі бермей отыр екен. Ал қалалық білім бөлім басшылығы болса, мәселені АИ 80 маркалы жанар жағармайдың тапшылығымен түсіндірді.

ЖЕҢІС ҚОСЖАНОВ, Ақтөбе қалалық білім бөлімі басшысының орынбасары:

— Қаланың ішіндегі бүкіл авто заправкалардың барлығы АИ 80ді сатуды тоқтатты. Портал арқылы ұтып алған мекемелердің өзі талонға бензин тауып бере алмай отыр.

Қалалық білім бөлімі басшылығы бұл мәселені жақын күндері шешеміз деп отыр.  Егер берген уәделерін уақытымен орындаса, оқудан қалған балалар көп ұзамай мектептеріне барады.

31.kz

20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда
19 тамыз, 12:15
InEco Fest 2025: Алматыда экология, инклюзия және қала мәдениетін біріктірген фестиваль өтті
19 тамыз, 11:59
Музыка – жасөспірім жанының айнасы
18 тамыз, 14:54
Заманауи аппараттардан – жақсы нәтиже
16 тамыз, 12:34
Шымкент: Жарты жылда 1181 ерекше бала оңалтудан өтті
15 тамыз, 12:19
Биғайша Нұрғазинова: Ерекше балалар қоғамға кірігуі тиіс
10 тамыз, 21:15
Түркістан: Абайдың сөзі – рухани құндылықтың алтын қазынасы
09 тамыз, 15:04
Бахадыр Мәдәліұлы: Мүгедектігі бар азаматтарға қолдау көрсету – мәслихат пен партияның ортақ міндеті