jasqazaq.kz

ОҢТҮСТІКТЕН ӨЗГЕ ӨҢІРЛЕРГЕ ҚОНЫС АУДАРУ БАСТАЛДЫ

27 сәуiр 2016, 18:13

Мемлекет басшысы арта түскен демографиялық дисбаланс жаңа көші-қон толқындарын қалыптастырып, әлеуметтік шиеленісті күшейтетінін атап өткен. Қазірге кезде ішкі көші-қон мәселесінде еңбек ресурстары мен демография жағында оңтүстік пен солтүстік аймақтар арасында теңсіздік орын алып келеді. Осыған орай, Оңтүстік Қазақстан облысында ішкі көші-қон процесстерін реттеу және еңбек ресурстарының теңгерімділігін арттыру, халықты біркелкі жайғастыру мақсатында еңбек күші мол аймақтан, еңбек күші жетіспейтін  республикамыздың солтүстік өңірлеріне өз еркімен халықты қоныстандыру жұмыстары жүргізілуде.

Бүгінгі таңда Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан және Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдері арасында өзара ынтымақтастық Меморандумдар түзілді. Облыста халқы тығыз орналасқан аудандармен ақпараттық-түсіндіру жұмыстар жүргізілді, арнайы жұмыс тобы құрылып, іс-шаралар жоспары бекітілді.

Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде 800-ден астам отбасы еліміздің солтүстік өңірлеріне қоныс аударуға ниет білдірсе, 50 отбасы халқы тығыз ауданнан Солтүстік Қазақстан облысына қоныс аударды.

2

Сонымен бірге, Шығыс Қазақстан облысына «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасы шеңберінде 2014 жылдан бері Оңтүстік Қазақстан облысынан 107 отбасы қоныс аударуға ниет білдіріп, 20 отбасы (75 отбасы мүшесі) Шығыс Қазақстан облысының Риддер қаласынан тұрғын үй алып, отбасының барлық жұмысқа жарамды азаматтары жұмысқа орналасты. Бағдарламадан бөлек, Шығыс Қазақстан облысына 100-ден аса оңтүстікқазақстандық қоныс аударды.

Елбасының берген тапсырмасын жандандыра түсу мақсатында халқы тығыз орналасқан облысымыздың Сарыағаш, Мақтаарал ауданы мен Шымкент қаласында 2016 жылдың 27-29 сәуірі аралығында Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Шығыс Қазақстан, Қостанай облыстары өкілдерінің қатысуымен бос жұмыс орындар жәрмеңкелері мен «Серпін» бағдарламасы аясында жастармен кездесулер ұйымдастырылуда. Аталған іс-шараға республикамыздың 4 облысынан 41 мемлекеттік орган мен оқу орнының жауапты тұлғалары және жұмыс берушілерілердің өкіл ретінде қатысуы жоспарлануда (Солтүстік Қазақстан – 12 адам, Павлодар – 12 адам, Қостанай – 9 адам, Шығыс Қазақстан – 8 адам). Ал 27 сәуірде Мақтарал ауданында, 28 сәуірде Сарыағаш ауданында, 29 сәуірде Шымкент қаласында түрлі іс-шара өтіп, облыс әкімдігінде 4 облыстың делегация басшыларының қатысуымен шаралардың қорытындысы бойынша баспасөз конференциясы өтетін болады.

3

Кездесу соңында еліміздің Солтүстік Қазақстан облысына көшуге ниет білдірген азаматтарды салтанатты түрде шығарып салу рәсімін өткізу көзделуде.

Ішкі көші-қонды реттеу және Солтүстік өңірлерге қоныстандыру мен «Серпін» бағдарламасын насихаттау жұмыстары Мақтаарал ауданынан басталды. Облыс әкімінің орынбасары Ұ.Сәдібеков аталған іс-шараны ашып, көшуге ниетті аудан тұрғындарына сәттілік тіледі. Сондай-ақ жергілікті халық Солтүстік өңірлерден келген өкілдермен сұхбаттасып, ұсынылып отырған бос жұмыс орындарымен танысты.

Бүгін, 15:06
Түркістан: импорт азайып, экспортты ұлғайтуға мүмкіндік бар
30 маусым, 15:06
Түркістан: Қазығұртта - индустриалдық аймақ, Отырарда мақта зауыты іске қосылады
30 маусым, 15:03
Түркістан: Мақтарал ауданына биыл 9,4 млрд теңге инвестиция тартылды
30 маусым, 14:09
Жан жарасын жазатын диалог: мұғалім мен бала арасындағы сенім
27 маусым, 15:14
Заманауи медициналық технологиялар дені сау балалардың өмірге келуіне арналған
27 маусым, 10:53
Түркістан: Кентауда модульді капсулалармен жабдықталған демалыс аймағы ашылады
26 маусым, 19:27
Түркістан қаласының жалпы өңірлік өнімі 159,5 млрд теңгені құрады
26 маусым, 19:13
Түркістан: Жылыжай агробазасы - барлық саланы біріктіретін ауқымды бастама
25 маусым, 16:42
Түркістан: Ағын су тапшылығын еңсеру жұмыстары қарқынды жүріп жатыр