jasqazaq.kz

Нью-Йорктегі лаңкестік салдарынан сегіз адам қаза тапты (видео)

01 қараша 2017, 10:00

Нью-Йоркте жүк көлігінің жаяу жүргіншілерді қағып кету салдарынан жеті адам қаза тапты, кемінде 15 адам зардап шекті.

31 қазанда Нью-Йоркте жүк көлігінің жүргізушісі Манхэттонда жаяу жүргіншілерді қаққан. Ол өз жолындағы велосипедшілерді де қағып, бірнеше көше бойы жүріп өткен. Сонымен қатар, жүк көлігінің оқушылар автобусына соғысқаны хабарланды. Содан кейін жүргізуші көліктен шығып, пейнтболға арналған тапаншаны қолына ала бергенде полицейлер оған оқ атқан. Күдікті ауруханада жатыр. Қаза тапқан азаматтардың бесеуі аргентиналықтар екені анықталды. Қаза тапқан аргентиналық азаматтардың есімі: Эрнан Диего Мендоса, Диего Энрике Ангелини, Алехандро Дамиано Панукко, Ариэль Эрлих және Эрнана Ферручидің. Осы оқиғаның салдарынан сегіз адам қаза тапты және оннан аса адам зардап шекті. Нью-Йорк мері Билл Де Блазио оқиғаны лаңкестік деп атады. Америкалық БАҚ мәліметінше, ұсталған азамат Өзбекстан азаматы. Ол АҚШ-қа 2010 жылы келген 29 жастағы Суйфуло Саипов. Құқық қорғау органдарындағы дереккөз мәліметінше, күдікті көлігінде қысқаша хат қалдырып кеткен, онда ол осы лаңкестік актісін ДАИШ атынан істегені жазылған.

tengrinews.kz

22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда
19 тамыз, 12:15
InEco Fest 2025: Алматыда экология, инклюзия және қала мәдениетін біріктірген фестиваль өтті
19 тамыз, 11:59
Музыка – жасөспірім жанының айнасы
18 тамыз, 14:54
Заманауи аппараттардан – жақсы нәтиже
16 тамыз, 12:34
Шымкент: Жарты жылда 1181 ерекше бала оңалтудан өтті
15 тамыз, 12:19
Биғайша Нұрғазинова: Ерекше балалар қоғамға кірігуі тиіс
10 тамыз, 21:15
Түркістан: Абайдың сөзі – рухани құндылықтың алтын қазынасы