jasqazaq.kz

Нұртас Адамбай төсек арқылы танылған актриса жайлы айтты

22 ақпан 2018, 12:46

Бүгінде, отандық киноиндустриядағы кастингке талантымен емес, тәні арқылы танылғысы келетіндер көбейген. Мұндай жағдай тек Голливудқа тән десек, бұл жолы Нұртас Адамбайдың іріктеуіне келген арулардың аузынан естідік.

Бұл туралы НТК арнасының “Ревю” бағдарламасында айтылды.

Төсек арқылы танымал болған актрисалардың тағдырынан Нұртас Адамбай да хабардар екен. Алматыда ауқымды іріктеу өткізген продюсер, отандық кинонарықта мұндай жағдайлардың жиі болатын айтады.

“Осыдан біраз уақыт бұрын мейрамханалардың бірінде, егде жастағы режиссердің жас актрисамен отырғанын байқап қалдым. Шынымды айтсам, өрімдей қызды аяп кеттім. Өйткені әп-әдемі ару үшін, өзінің әкесімен жасты адаммен оңашада тамақтанудың өзі ұят”, – дейді Адамбай.

Мұндай сорақылық біздің елде шынымен де белең ала бастағандай… Нұртастың сөзін кастингте жиі бой көрсететін бойжеткендер де растап отыр.

“Ыңғайсыз жағдайға қалатын ұсыныстар болды. Бірақ одан мен бас тарттым. Өйткені, ондай кір жолмен жүргім келмейді”, – дейді кастингке қатысушы жас актриса Аяулым Мұқанова.

“Кейбір жұлдыздар солай көтерілген. Ол барлығына мәлім. Қазір біз олай айтпай-ақ қояйық өтірік деп”, – дейді кастингке қатысушы Әсем Өмірзақ.

Ал, Нұртас қазақстандық киноиндустрияда кей сұлулардың санасына сіңген жағымсыз стеротипті бұзуға кіріскен.

“Біріншіден, қабілет керек. Екіншіден, кейіпкерлерімізге түр-келбеті сай келіп, берілген тапсырманы бұлжытпай орындаса болғаны. Біздің команда да «Бәке, Сәке» немесе тамыр-таныс арқылы киноға түсу деген түсінік жоқ!” – дейді Нұртас.

Нұртастың көлемді кастинг ұйымдастыруы да тегін емес. Талантымен тамсандырған арулар, режиссердың кезекті картинасындағы басты рөлдердің біріне бекітілетін болады.

stan.kz

03 шiлде, 16:34
Алматы тұрғындары өз ауласын өзгерте алады
03 шiлде, 13:01
Түркістан: Елді мекендерде жол жөндеу, жаңғырту, абаттандыру жұмыстары жүріп жатыр
03 шiлде, 12:38
Түркістан: Инвесторлар іскерлік байланыс орнатуға ниетті
03 шiлде, 12:08
Нұрлан Қойбағаров: Мүмкіндігі шектеулі жандардың құқығын қорғау – мәслихаттың тұрақты бақылауында
02 шiлде, 15:17
Түркістан: Заманауи зауыт пен кәсіпорын көбейіп келеді
02 шiлде, 15:08
Түркістан: Инфрақұрылымды жақсарту жұмыстары қарқынды
02 шiлде, 15:06
Түркістан облысында ауыл шаруашылығы дрондары шығарылады
02 шiлде, 14:48
Түркістан: Агроөнеркәсіп саласында алты айдың қорытындысы сараланды
02 шiлде, 14:18
Түркістан: Жаңа кәсіпорындар ашу жөнінде меморандумдар жасалды