jasqazaq.kz

«Нұрлы жер»: Қарағандыда 3 мыңнан астам жаңа пәтер

23 қараша 2017, 17:11

Қарағанды облысында кезекте тұрғандарға арнап 1605 пәтер салынып жатыр. Бұл туралы Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошанов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз-мәслиxатында мәлімдеді.

Қарағанды облысында жыл басынан бері 2865 отбасының тұрғын үй жағдайы жақсартылды. Ол жайында облыс әкімі Ерлан Қошанов айтты.

«Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша облыста биылғы жылы 340 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріледі, яғни 3 мыңнан астам пәтер. Олардың жартысынан астамы, дәлірек айтар болсақ 1605-і кезекте тұрғандарға арналған», — деді Е. Қошанов.

Ауылдық жерлерде 63,5 мың шаршы метр тұрғын үй салынуда.Соңғы үш жылда аймақта барлық қаражат көздерінің есебінен 993 мың шаршы метр тұрғын үй, яғни 8 300 пәтер салынған. Тұрғын үй құрылысына 108,7 млрд теңге инвестиция құйылды.

«Шамамен 800 үйдің жеке құрылысы үшін инфрақұрылым жасау басталды. Жеке тұрғын үй құрылысына бір жарым мың учаскеге арналған тағы да 10 алаң жобалау кезеңінен өтіп жатыр», — деді облыс әкімі.

20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда
19 тамыз, 12:15
InEco Fest 2025: Алматыда экология, инклюзия және қала мәдениетін біріктірген фестиваль өтті
19 тамыз, 11:59
Музыка – жасөспірім жанының айнасы
18 тамыз, 14:54
Заманауи аппараттардан – жақсы нәтиже
16 тамыз, 12:34
Шымкент: Жарты жылда 1181 ерекше бала оңалтудан өтті
15 тамыз, 12:19
Биғайша Нұрғазинова: Ерекше балалар қоғамға кірігуі тиіс
10 тамыз, 21:15
Түркістан: Абайдың сөзі – рухани құндылықтың алтын қазынасы
09 тамыз, 15:04
Бахадыр Мәдәліұлы: Мүгедектігі бар азаматтарға қолдау көрсету – мәслихат пен партияның ортақ міндеті