«Өткен жылы біз баж салығына тыйым салатынымызды жариялап, серіктестерімізді бір қорқытып алдық. Сөйтіп жүргенде 2-3 ай өтті, ал біздің сатып алушылар «алсақ па, алмасақ па» деп ойланып қалды. Мұндай жағдайда шешімді созбау керек. Өйткені нарық күтіп тұрмайды. Қазір біз импорттаушы елдердің Қазақстанды серіктес ретінде қарастырмайтынын байқап отырмыз. Осы орайда олар сатып алудың басқа жолын іздейді. Соның бірі көршіміз – Ресей. Ол елде бидай өнімі мол және баға төмен. Ал біз экспортты реттеп, отандық өндірушілердің табыс табуына кедергі келтіріп отырмыз».