Нұрлан Өнербаев: «Мәңгі өлмес әндер халық мұрасы»

21 шiлде 2023, 14:29

Әнші Нұрлан Өнербаев Instagram желісіне жұбайы екеуі «Қарағым-ай» әнін орындап жүргендеріне 28 жыл болды деп ағынан жарылды.

«Ұрпақтан ұрпаққа жалғасып, ұмытылмай келе жатқан халық әндерінің де бір кезде авторы болған шығар. Бүгінде олардың есімі ұмытылғанымен, мәңгі өлмес әндері, халық мұрасы болып бізге жетті. Кеңес Дүйсекеев ағам мен Шөмішбай Сариев ағамның әруағы алдында өшпес, өмірлік ән қалдырып кеткені үшін басымды ием. Концерттерімде болсын, кездесулер болсын, тіпті қонақта отырсам да ел міндетті түрде «Қарағым ай» әнін орындап беруімді сұрайды. Мен бұл әнді орындап келе жатқаныма 28 жыл болды. Менен кейін әлі қаншама әнші орындар. Ең бастысы, караоке арқылы жастар да осы әнді орындай бастапты. Демек, ән халықтық әнге айнала бастағаны деп ойлаймын. Мен де бүгін қонақта отырып, әндерімнің музасы, жан-жарым, Жаннамды құшағыма алып, караокеге қосылып, осы әнді айттым», — деп жазды.

JQ-Aqparat

Бүгін, 14:35
Түркістан: Жасөспірімдерге арналған профилактикалық іс-шаралар өтуде
08 тамыз, 10:38
Мақсат Мақтабек: Заң – азаматтардың қорғаны
08 тамыз, 10:29
Түркістан: Қоғамдағы қауіпсіздік – тәртіп сақшысының күнделікті жұмысы
07 тамыз, 14:33
Түркістан: Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың жолын кесу және пробация
07 тамыз, 14:01
Түркістан: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыруға арналған шаралар
05 тамыз, 14:39
Түркістан: Қауіпсіздікті сақтау маңызды
01 тамыз, 16:07
Түркістан: «Қауіпсіз қоғам» жобасы - қоғам айнасы
01 тамыз, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды