jasqazaq.kz

Нұрлан Өнербаев көгілдір экраннан көрінбей кетуінің себебін түсіндірді

24 қараша 2017, 16:19

 

Танымал әнші, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Нұрлан Өнербаев көгілдір экраннан көрінбей кетуінің себебін түсіндірді. Тыңдарманын сағындырған әнші аймақ-аймақты аралап жиі концерт беріп жүргенін, алайда отандық шоу-бағдарламаларға қызықпайтынын айтты.

Нұрлан Өнербаев Zhuldyz.tv арнасының журналисі Марал Сатқанғалиеваның авторлық бағдарламасында шығармашылықтағы жаңалықтарымен бөлісті, деп хабарлайды Stan.kz.

“Өнерде жүрген 40 жылдың ішінде қалыптасқан көзқарасым бар. Сол концерттегі әншілер, өнерпаздар сол кешке сай ма, сай емес пе? Менімен бірге сахнаға кімдер шығады? Олар кім, өнерде қандай орны бар? Осы сұрақтар менің алдымда кесе-көлденең тұра қалады. Көңіліме қонбай жатса, қатыса алмайтынымды айтамын. Ал негізінде менің жеке концерттерім тек Алматы, Астанада емес, өңірлерде жиі болып тұрады. Кейде уақытым сәйкес келмей қалады. Қатыса бермеуімнің бір себебі сол”, – дейді Нұрлан Әлтайұлы.

Әншінің айтуынша, ол түрлі жобалар мен шоуларға жиі шақырту алады. Алайда ондай шоулар менің ішкі жан дүниеммен ұштаспайды, дейді Өнербаевтың өзі.

“Өкпем жоқ, барлық телеарна жаңа бағдарламаларға шақырды. Жүргізуші ретінде де, төреші, сарапшы, қонақ ретінде қатысуға талай ұсыныс түсті. Әркімнің өз түсінігіне, көзқарасына жауап беретін хабарларда пікір айтып отыруға болады. Бірақ бүгінгі шоу-бағдарламалардан мен өз орнымды таба алмадым”, – дейді Нұрлан Өнербаев.

Айта кетейік, бүгін Алматыдағы Республика сарайында Нұрлан Өнербаевтың жеке концерті өтеді. Тек жанды дауыста өтетін рухани кешті бірнеше музыкалық ансамбль сүйемелдейді.

Бүгін, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы басты назарда
Бүгін, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда
19 тамыз, 12:15
InEco Fest 2025: Алматыда экология, инклюзия және қала мәдениетін біріктірген фестиваль өтті
19 тамыз, 11:59
Музыка – жасөспірім жанының айнасы
18 тамыз, 14:54
Заманауи аппараттардан – жақсы нәтиже
16 тамыз, 12:34
Шымкент: Жарты жылда 1181 ерекше бала оңалтудан өтті
15 тамыз, 12:19
Биғайша Нұрғазинова: Ерекше балалар қоғамға кірігуі тиіс
10 тамыз, 21:15
Түркістан: Абайдың сөзі – рухани құндылықтың алтын қазынасы
09 тамыз, 15:04
Бахадыр Мәдәліұлы: Мүгедектігі бар азаматтарға қолдау көрсету – мәслихат пен партияның ортақ міндеті