jasqazaq.kz

«Нұрлан мен Мұрат» қалай жұлдыз болғанын айтып берді (видео)

09 ақпан 2018, 18:59

«Нұрлан мен Мұрат» дуэті Ләйлә Сұлтанқызы жүргізетін «The Эфир» жобасында отбасы, кезінде болған танымалдық жайлы және заманауи қазақстандық эстрадаға қатысты ойларын айтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Әртістер барлық сұраққа ашық жауап берді. Олар шығармашылық жолдарының қалай басталғанын, Нұрлан Балғымбаевтың тарапынан қандай көмек көрсетілгені, Мәскеуді «бағындырмақшы» болғандары туралы және денсаулық, құмар ойындар мен алкоголь жайлы әңгімеледі. «Нұрлан мен Мұрат» дуэті Атырауда 1996 жылы пайда болған еді. Әртістер бірнеше хит ән жазып, халық арасында танымалдыққа ие болды. Бірақ 2000 жылдарға қарай олар концерт беруді тоқтатты. Ал 2015 жылы әншілер қайта дуэт болып, бірге өнер көрсететіндерін мәлімдеді. Мұның алдында Ләйлә Сұлтанқызымен «The Эфир» жобасына аралас жекпе-жектен белгілі файтер Қуат «Найман» Хамитов Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Бауыржан Ибрагим, музыкалық продюсер Жан Мұқанов, түріктің белгілі әншісі әрі актер Юсуф Чим, эстрада әншісі Тамара Асар, композитор Ренат Гайсин, әнші, «МузАРТ» тобының солисі Сәкен Майғазиев, белгілі композитор әрі қоғам қайраткері Төлеген Мұхамеджанов, белгілі әзілкеш, шоумен Тұрсынбек Қабатов, бокстан Олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов, «КешYou» экс-солисі Ақбота Сейітмағамбет, белгілі айтыскер ақын Айнұр Тұрсынбаева және актер Тәуекел Мүсілім қонақ болған еді. Айта кетсек, бұл жобаның мақсаты — танымал тұлғаларды жаңа қырынан көрсету, олар туралы жаңа мәліметтерді оқырманға ұсыну.

20 маусым, 13:08
Түркістан: Бос орындар жәрмеңкесі мен форум өтті
20 маусым, 12:52
Түркістан: Балалар суицидіне түрткі болатын жағымсыз факторларға қарсы күрес жалғасады
20 маусым, 11:59
Түркістан: Жеті жылда тұрғын үй құрылысы үш есе өсті
20 маусым, 11:34
Кибербуллингтің алдын алу – суицидке жол бермеу
19 маусым, 16:05
Түркістан: Жеті жылда индустриалдық аймақтардың жұмысы өрледі
19 маусым, 15:22
Рухани құндылық: «Дәстүрін дәріптеген әз Түркістан» өнер фестивалі өтті
19 маусым, 14:41
Түркістан: Жеті жылда жалпы өңірлік өнім көлемі 4, трлн теңгеге жетті
18 маусым, 16:26
Шара Әбдірахманова: Бала ештеңе айтпаса да, іштей көмек сұрап тұруы мүмкін
18 маусым, 15:10
Түркістан: Келес ауданында газ тартылып, жол жөнделіп, ауыз сумен қамтылуда