jasqazaq.kz

Нұрлан Қоянбаев қайда кетті?

22 ақпан 2018, 16:09

КВН ойыншысы Нұрлан Қоянбаев енді «Түнгі студия» бағдарламасын жүргізбейтін болды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz. Бұл мәліметті QAZAQSTAN телерадиокорпорациясы басқармасының төрағасы Ерлан Қарин растады.

«Біз 1 наурызда ашылатын жаңа маусымға белсенді түрде дайындалып жатырмын. Бірнеше бағдарлама жаңартылған форматта шығатын болады. Оның ішінде «Түнгі студия» бағдарламасы бар, онда енді басқа жүргізуші болады. Нұрлан Қоянбаев өзінің шығармашылық жобаларымен айналысуды шешті. Бұл мәселені 2017 жылдың жазында — Нұрлан Қоянбаевтың телевидение саласынан біраз уақытқа кеткісі келгенде талқылаған болатынбыз. Сонда біз Нұрланның осы жобаны жылдың соңына дейін жүргізетінін шешкен едік. Оған осы үшін алғыс айтқым келеді. Енді «Түнгі студия» жаңа форматта шығатын болады», — деді Ерлан Қарин. Сондай-ақ, ол «Түнгі студияда» бағдарламасының жүргізушісі кім болатыны жақын арада мәлім болатынын айтты. Телерадиокорпорация төрағасының айтуынша, Нұрлан Қоянбаев «Түнгі студия» жобасынан және QAZAQSTAN телеарнасы бас продюсері қызметінен қаңтар айында кетті. Айта кетейік, қазіргі уақытта Нұрлан Қоянбаев шетелде жүр. Сондықтан жобадан кетуіне байланысты пікір білдірмеді.

03 шiлде, 16:34
Алматы тұрғындары өз ауласын өзгерте алады
03 шiлде, 13:01
Түркістан: Елді мекендерде жол жөндеу, жаңғырту, абаттандыру жұмыстары жүріп жатыр
03 шiлде, 12:38
Түркістан: Инвесторлар іскерлік байланыс орнатуға ниетті
03 шiлде, 12:08
Нұрлан Қойбағаров: Мүмкіндігі шектеулі жандардың құқығын қорғау – мәслихаттың тұрақты бақылауында
02 шiлде, 15:17
Түркістан: Заманауи зауыт пен кәсіпорын көбейіп келеді
02 шiлде, 15:08
Түркістан: Инфрақұрылымды жақсарту жұмыстары қарқынды
02 шiлде, 15:06
Түркістан облысында ауыл шаруашылығы дрондары шығарылады
02 шiлде, 14:48
Түркістан: Агроөнеркәсіп саласында алты айдың қорытындысы сараланды
02 шiлде, 14:18
Түркістан: Жаңа кәсіпорындар ашу жөнінде меморандумдар жасалды