Нұрболат Абдуллин: «Жақсы әке болу – тек ақша табу емес»

17 шiлде 2023, 11:17

Әнші Нұрболат Абдуллин Instagram желісінде жұбайы екеуі қос қызына қалай көңіл бөлетінін жұртшылыққа көрсетті.
«Жақсы әке болу — тек ақша табу емес. Жақсы әке болу — баланың жанында болу. Жақсы болайық», — деп жазды Нұрболат Абдуллин Instagram парақшасында. Видеодан Нұрболат Абдуллин мен әйелінің қыздарын бірге шомылдырып, әншінің қызының шашын тарағанын көруге болады. Ал желі қолданушыларының бірі әншінің бұл ісіне сүйсіне қараса, екіншілері қыз баласын тек анасы шомылдыру керектігін жарыса жазды. «Қандай керемет», «Нағыз әке», «Анам перзентханаға кеткенде, бізді де әкем шомылдырып, шашымызды жинайтын», «Қыз баласын анасы ғана шомылдыру керек», «Бес жасқа дейін еркелетсе, несі айып?», «Қандай әдемі көрініс. Нағыз жүректі елжірететін әкенің қамқорлығы. Нұрболат, сені құрметтеуім бекер емес екен. Үйреншікті ісің сияқты. Нағыз ер-азамат». «Үйінде еркелемегенде, қайда еркелейді?», «Қамқор, мейірімді әке болу үшін шомылдыру шарт емес», «Алла тіл-көзден сақтасын. Әкенің міндетін жақсы түсіндіре білді», «Менің әкем де шашымды екіге өріп, сабаққа жіберетін. Бұл күнде әкем өмірде жоқ. Өзім тұрмыстамын. Әкенің махаббатына ештеңе жетпейді», — деп пікір білдірді желідегілер.

JQ-Aqparat

09 тамыз, 14:35
Түркістан: Жасөспірімдерге арналған профилактикалық іс-шаралар өтуде
08 тамыз, 10:38
Мақсат Мақтабек: Заң – азаматтардың қорғаны
08 тамыз, 10:29
Түркістан: Қоғамдағы қауіпсіздік – тәртіп сақшысының күнделікті жұмысы
07 тамыз, 14:33
Түркістан: Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың жолын кесу және пробация
07 тамыз, 14:01
Түркістан: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыруға арналған шаралар
05 тамыз, 14:39
Түркістан: Қауіпсіздікті сақтау маңызды
01 тамыз, 16:07
Түркістан: «Қауіпсіз қоғам» жобасы - қоғам айнасы
01 тамыз, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды