jasqazaq.kz

Нұрболат Абдуллин хит әнді ұрлап алғанын мойындады

22 қараша 2017, 13:09

“Сүйгенің қайда”, “Сен қорқақсың” сынды бірқатар әндерімен танымал боп кеткен Нұрболат Абдуллин бұған дейін ешкімге айтпаған құпиясымен бөлісті. Әнші хитке айналып кеткен “Сен қорқақсың” әнін автордың рұқсатынсыз орындап жүргенін мойындады.

Нұрболаттың айтуынша, аталған ән бір кездері түрік, өзбек елдерінде танымал болған.

Бұл туралы 31 арнаның “Айта берсін” бағдарламасына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

“Бұл ән 2003 жылдары түрік елінде хит болып кеткен, одан бертін келе 2009 -2010 жылдары Өзбекстанда хит болған. Негізі шығу тарихы Түркияға, ТМД-ға белгілі әнші Сердар Орташтан басталады. Жалпы еуро-шығыс әндеріне бір бүйрегім бұрып тұрады”, – деген Нұрболат бұл әнді қайдан тапқанын да әңгімелеп берді.

“Бір күні Жігер Ауыпбаев екеуміз кездесіп қалдық. Содан әңгімеден әңгіме шығып, маған деген жанашырлығы шығар, осы әнді өзі айтпай, маған ұсынды. Тыңдап, шумағы біртүрлі екен дедім. Себебі рэп, RNB стилінде айтып көрмегем, бірақ қайырмасы ұнап қалды. Жігер Ауыпбаевқа рахмет, шын ниетімен берген сияқты. Кейіннен әннің сөзін бір айдай жаздық, мәтіні Ершат Қайболдиндікі. Бәрін болған соң, клип түсірдік”, – дейді Абдуллин.

Нар тәуекел деп біреудің әнін рұқсатсыз алған Нұрболат заң талап еткен жағдайда, айыппұл төлеуге дайын екенін айтады.

“Құжат жүзінде рұқсатым жоқ. Шыны керек, Сердар Орташқа шығу үшін біраз әрекет жасадық, бірақ дым ыңғайы келмеді. Келіп хабарласатын болса, шешілмейтін түйін жоқ қой. Енді жақсы көргеннен кейін орындадық, бақытымызға, бағымызға орай танымал болып кетті. Ақысы, айыппұлы болса оны да берерміз”, – деп түсіндірді әнші.

20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда
19 тамыз, 12:15
InEco Fest 2025: Алматыда экология, инклюзия және қала мәдениетін біріктірген фестиваль өтті
19 тамыз, 11:59
Музыка – жасөспірім жанының айнасы
18 тамыз, 14:54
Заманауи аппараттардан – жақсы нәтиже
16 тамыз, 12:34
Шымкент: Жарты жылда 1181 ерекше бала оңалтудан өтті
15 тамыз, 12:19
Биғайша Нұрғазинова: Ерекше балалар қоғамға кірігуі тиіс
10 тамыз, 21:15
Түркістан: Абайдың сөзі – рухани құндылықтың алтын қазынасы
09 тамыз, 15:04
Бахадыр Мәдәліұлы: Мүгедектігі бар азаматтарға қолдау көрсету – мәслихат пен партияның ортақ міндеті