jasqazaq.kz

Нұр-Сұлтанда ер адам танысын балғамен ұрып өлтіріп, денесін құдыққа тастаған

09 қыркүйек 2022, 15:05

Нұр-Сұлтан қаласында танысымен жанжалдасып қалып, оның басынан балғамен ұрғылап, 22 рет жарақат салып өлтірген ер адамға сот үкімі шықты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Қалалық соттың баспасөз қызметі мәлім еткендей, қылмыстық оқиға 2021 жылдың қараша айында болған.

К. және М. есімді екі тұрғын алкогольдік ішімдік ішіп отыры, өзара жанжалдасып қалған. К. өзінің досын бірнеше рет балғамен соққылап, ақыр соңында өлтіріп қойған. Содан соң қылмысының ізін жасыру үшін мәйітті құдыққа лақтырып жіберген.

«Сот анықтағандай, М.-ның басынан және бетінен 22-ден астам соққы жасалған, сондай-ақ басқа да дене жарақаты келтірілген. Бұл ретте К. ешқандай көмек көрсетпей, керісінше, қылмысының ізін жасырған», — делінген сот хабарламасында.

К. адам өлтіргені үшін кінәлі деп танылып, шілдеде 13 жылға бас бостандығынан айырылды. Ол апелляциялық шағым арқылы сот шешімін өзгертуге әрекеттенгенімен, шешім өзгеріссіз қалды.

20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда
19 тамыз, 12:15
InEco Fest 2025: Алматыда экология, инклюзия және қала мәдениетін біріктірген фестиваль өтті
19 тамыз, 11:59
Музыка – жасөспірім жанының айнасы
18 тамыз, 14:54
Заманауи аппараттардан – жақсы нәтиже
16 тамыз, 12:34
Шымкент: Жарты жылда 1181 ерекше бала оңалтудан өтті
15 тамыз, 12:19
Биғайша Нұрғазинова: Ерекше балалар қоғамға кірігуі тиіс
10 тамыз, 21:15
Түркістан: Абайдың сөзі – рухани құндылықтың алтын қазынасы
09 тамыз, 15:04
Бахадыр Мәдәліұлы: Мүгедектігі бар азаматтарға қолдау көрсету – мәслихат пен партияның ортақ міндеті