jasqazaq.kz

Нұр-Сұлтанда 100-ге жуық адамды алдаған алматылық алаяқ ұсталды

01 қыркүйек 2022, 10:38

Алматы облысында «банк қызметкерімін» деп, жұрттың атына несие рәсімдеген келіншек ұсталды. Бір айдан аса іздеуде болған оны полиция қызметкерлері Нұр-Сұлтан қаласынан тапты, — деп хабарлайды  КТК телеарнасы.

Телеарна мәліметінше, Ұзынағаш ауылының 24 жастағы тұрғыны халықты кепілдегі тұрмыстық техника мен әшекей бұйымдарды таныстары арқылы ақшалай шығарып беремін деп сендірген. Алайда не ақша, не тауарды көрмегендер банктерге белшесінен қарызға батқан. Осылайша, қос-қостан қарызы барлар енді пайдаланбаған несиені төлеуге мәжбүр.

Күдікті барлығын мойындады. Оған жеті жылға дейін шектеу немесе бас бостандығынан айыру қаупі төніп тұр. Қазір тергеушілер алаяқтың сыбайластары бар-жоғын анықтап жатыр.

«Қазіргі таңда алданған 97 адам тіркелді. Оларға келтірілген шығын көлемі 100 миллионнан асады. Қылмыстық іс тіркелгеннен кейін күдікті құзырлы органдардың қудалауынан қашқаны үшін іздеуге жарияланды. 28 тамызда Нұр-Сұлтан қаласында жүргізілген жедел іс-шаралар барысында күдікті ұсталды, қазір ол қамауға алынды», — деді Жамбыл аудандық полиция басқармасы бастығының жедел-іздестіру жұмыстары жөніндегі орынбасары Жарқын Есжанов.

20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда
19 тамыз, 12:15
InEco Fest 2025: Алматыда экология, инклюзия және қала мәдениетін біріктірген фестиваль өтті
19 тамыз, 11:59
Музыка – жасөспірім жанының айнасы
18 тамыз, 14:54
Заманауи аппараттардан – жақсы нәтиже
16 тамыз, 12:34
Шымкент: Жарты жылда 1181 ерекше бала оңалтудан өтті
15 тамыз, 12:19
Биғайша Нұрғазинова: Ерекше балалар қоғамға кірігуі тиіс
10 тамыз, 21:15
Түркістан: Абайдың сөзі – рухани құндылықтың алтын қазынасы
09 тамыз, 15:04
Бахадыр Мәдәліұлы: Мүгедектігі бар азаматтарға қолдау көрсету – мәслихат пен партияның ортақ міндеті