

Санкт-Петербордағы 137-ші Парламентаралық одақ ассамблеясында Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин Түркияның Ұлы ұлттық жиналысының спикері Исмаил Кахраманмен екіжақты кездесу өткізді.
Бұл туралы Baq.kz хабарлады.
Әңгімелесу барысында Мәжіліс төрағасы Н. Нығматулин мен Түркия Ұлы ұлттық жиналысының Спикері Исмаил Кахраман парламентаралық ынтымақтастықты нығайту мәселелерін талқылады.
Тараптар түркі тілдес мемлекеттердің Парламенттік Ассамблеясы аясындағы өзара ықпалдастықты күшейтуге назар аударды. Сонымен қатар заманауи жағдайлардағы парламенттік дипломатияның өзектілігін атап өтті.