jasqazaq.kz

«Нөлдік төзімділік: Түркістан полициясы құқық бұзушылықтың жолын кеседі

26 сәуiр 2024, 15:03


Елімізде қандай да бір құқық бұзушылықтарға төзбеу — қоғамдағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету жолындағы маңызды қадам. «Нөлдік төзімділік» қағидаты әр азаматтың құқық бұзушылықтың кез келген түріне тойтарыс берумен қоса, өзінің де тәртіп бұзбауы дегенді білдіреді. Басқасын былай қойғанда, айналасына қоқыс тастамай, қоршаған ортаның тазалығын сақтау да маңызды. Түркістан өңірінің полициясы күнделікті жұмысында осындай тәртіпсіздіктердің де алдын алуға тырысады.
Мәселен, Сауран ауданында өткен «Тазалық» жедел-профилактикалық іс-шарасы аудан көлемінде тазалық пен қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуді көздейді. Аталмыш іс-шара барысында қоршаған ортаны ластаған құқық бұзушы тұлғаларға қатысты 87 әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама түзілді.
Оның ішінде қалалар мен елдi мекендердiң аумақтарын абаттандыру қағидаларын бұзу, сондай-ақ қалалар мен елді мекендер инфрақұрылымы нысандарын зақымдау, жасыл екпелерді жою және бүлдіру бойынша — 28, жолдар мен темiржол өтпелерiн және басқа жол құрылыстарын бүлдiруге қатысты 25 және көпшілік орындарды ластау бойынша 34 әкімшілік хаттама толтырылды.
Сондай-ақ көшелерді патрульдеу де өз жемісін беретіні сөзсіз. Бұл жол-көлік ережесін бұзудың алдын алуға қоса, кейде мойнында миллиондаған қарызы бар борышкерді құрықтауға мүмкіндік береді. Сондай бір оқиға Түркістан қаласында орын алды. Жедел басқару орталығынан патрульдік полицейлердің планшетіне трассадағы борышкердің көлігі бойынша сигнал түскен. Әлгі көлікті тоқтатып тексерген кезде полиция қызметкерлері Қызылорданың 46 жастағы тұрғыны сот орындаушының қаулысына сәйкес 90 миллион теңгеге жуық берешегі бар екенін анықтады.
Заң талабы бойынша, борышкердің көлігі айыппұл тұрағына қойылды. Полиция салынған айыппұлдар мен қарыздарды уақтылы төлеу қажеттілігі туралы жүргізушіне түсіндірді.

JQ-Aqparat

12 қантар, 13:42
Заңгер: Кінәсі сотпен дәлелденсе ғана - қылмыскер
26 желтоқсан 2025, 17:18
ЮНЕСКО тізімі және цифрландыру: тарихи-мәдени мұраны сақтау саласында қандай жұмыс жүргізілді?
26 желтоқсан 2025, 13:06
Айлалы роман: алаяқтар танысу сайттарында қалай алдайды
25 желтоқсан 2025, 16:53
Даңқты батыр Бауыржан Момышұлына “Халық Қаһарманы” атағы ресми түрде берілді
25 желтоқсан 2025, 15:12
«Әкең жынды болса, байлап бақ»: Мұхамеджан Тазабеков Түркістандағы оқиғаға қатысты пікір білдірді (Видео)
25 желтоқсан 2025, 13:38
Жыл қорытындысы: заң, тәртіп және цифрлық даму
25 желтоқсан 2025, 11:48
"Қауіпсіз шот" жоқ! Бас прокуратура алаяқтардан сақтануға шақырды
24 желтоқсан 2025, 10:54
2025 жыл: мәдениет саласындағы даму мен жаңару кезеңі
22 желтоқсан 2025, 13:50
Қызылорда облысына биыл 750 млрд. теңгеден астам инвестиция тартылды