jasqazaq.kz

“Ninety one” тобы белгілі тарихшыларды ұрыстырды

16 қараша 2016, 11:17

Белгілі тарихшы Нағашыбай Есмырза атышулы “Ninety one” тобының қоғамға еш зиян тигізбейтінін айтып, аталмыш топты жақтап сөйледі. Тарихшының айтуынша, тек қазақ тілінде ән салатын топтың қазаққа берері мол.

91

 

«Exclusive» журналы ұйымдастырған пікірталасқа тарихшыдан бөлек, «Болашақ» қозғалысының мүшесі, тарихшы әрі саясаттанушы Талғат Жанысбай қатысты. Ол атышулы топтың қазақ сахнасында өнер көрсетуіне түбегейлі қарсы екенін білдірді. Айтуынша, “Ninety one” тобының әндерін тыңдап, оларға еліктеген жастардан болашақта мол үміт күтуге болмайды. Себебі 91-лік жігіттер нәзік әрі әлсіз. Оларға ұқсағысы келетін жастар Отан қорғауға қауқарсыз болады. Ал топтың сырт келбеті қоғамда қызтекелердің көбейіп кетуіне, қазақ сахнасында азғындықтың артуына әкеліп соқтыруы мүмкін.

tarikhshylar

“Ninety one” тобын қолдап жүргендер – 18-20 жасқа дейінгі жастар. Олар өзінің оң-солын танып үлгермеген. Сондықтан олар бұл топтың тигізер зиянын түсінбейді. Бұл топқа қарсы шығып жатқан қоғам қайраткерлері, мәселен ақын Ринат Зайытов ақымақ емес қой. Егер басқа бір көшеде жүрген адам қарсы шықса түсінуге болады. Бірақ ұлттың ішінде ұлттың мүддесін, ұлттың құндылығын ойлатын азаматтар бұл топқа қарсы шығып жатыр. Сондықтан «Ninety one» тобының ұлтқа төндірер қаупі көп. «Еркектің қолы күстенбесе, оны еркек деп санамаймын» деп жазғаным бар еді. Әрбір еркек еркекше киініп, еркекше жүру керек. Тарихтан білетініміздей, бабаларымыз алып тұлғалы, білектің күшімен, найзаның ұшымен ел қорғады. Ал алдағы уақытта “Ninety one” сияқты жігіттер қаптайтын болса, біздің елімізді кім қорғайды?» – деді ол.

Ал Нағашыбай Есмырзаның айтуынша, Ринат Зайытов қарсы шықпағанға дейін, бұл топ қоғамда дау тудырмаған.

«Қазақтың жанып тұрған бес жігіті, сөйлеп тұр, қазақша сайрап тұр, айтатын әндері қандай. Жастар еліктеп кетеді дейсіңдер. Біз де жас болғанбыз. 18-19 жасымда Boney M-нің әндерін тыңдап жүретінбіз. Шаш деген иықтан түсіп тұратын, Beatles ұқсап, балақ деген 30 сантиметр. Жүрдік қой, 1-2 адам емес. Жаппай бәріміз солай жүрдік. Иығымызға магнитафонды тіреп алып тыңдайтынбыз. Сол балалар бұзылып, қазақи құндылықардан айырылып қалған жоқпыз. Осындай топты құрған, қазақ өнеріне жаңашылдық алып келген Ерболат Беделханға рахмет. “Ninety one” жасасын», – деді ол.

Талғат Жанысбайдың айтуынша, қазақты осы күнге дейін ұлт ретінде салт-дәстүрі сақтап тұр. Егер Қазақстан да Еуропа, Америка елдері секілді ұлттық құндылықтарды уысынан шығарып алатын болса, болашақта біздің де әртістеріміз шетелдік Мадонна және т.б. әншілер секілді сахнаға жалаңаштанып шығудан арланбайды. Әлсіз ер азаматтар көбейіп, нәтижесінде қоғамда көгілдірлер қаптап кетеді.

Бұл орайда пікірталасты жүргізген журналист Назира Дәрімбет мынадай қызықты дерек келтірді: Оңтүстік Корея елінде көгілдірлер дейміз, басқа да жыныстық ағымдарға түсіп кеткен халық саны өте аз болып шықты.

stan.kz

 

Бүгін, 17:31
Жыл соңына дейін Бостандық ауданында екі жаңа мектеп ашылып, 10 мектеп пен 5 балабақша жаңартылады
Бүгін, 14:36
Түркістан: Тоқыма-мата өндірістік базасын салу жөнінде келіссөз жүргізілді
Бүгін, 14:27
Түркістанда «Ақылды қала» жобасы жүзеге асып жатыр
Бүгін, 14:14
Түркістан: «Оңтүстік Төртқұдық» уран өңдеу зауыты іске қосылды
Бүгін, 14:05
Түркістан облысындағы Таскешу ауылында банан өсіреді
Бүгін, 13:59
Түркістан: Бәйдібекте ынтымақтастық рухын арттыра түскен жастар сайысы өтті
Бүгін, 13:56
Түркістан: Созақ ауданы экономикасы әртараптандырылады
03 шiлде, 16:34
Алматы тұрғындары өз ауласын өзгерте алады
03 шiлде, 13:01
Түркістан: Елді мекендерде жол жөндеу, жаңғырту, абаттандыру жұмыстары жүріп жатыр