jasqazaq.kz

Несие қамытын сүйрегендердің тең жартысы – студенттер

13 қантар 2023, 16:00

Бұл туралы қаржы министрлігі мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары Қайрат Миятов мәлімдеді.

«Біз несие алатын азаматтардың неге көп екенін зерттегенде, олардың тең жартысы студенттер екені анықталды. Біріншіден, олар жауапкершілікті өзіне алып, ата-анасына ауыртпалық артқысы келмейді. Екіншіден, олар ойланбай сауда жасайды. Тұрақты табысы болмай, тек шәкіртақы алып отырса да, сәннен қалмай қымбат гаджеттер сатып алады. Соның нәтижесінде несие алған, бірақ өтеуге мүмкіндігі жоқ азаматтар көбейеді. Өзін банкрот деп танудың үлкен салдары бар болғандықтан, біз студенттерді негізсіз несие алудан сақтандыруымыз керек», – деді Қайрат Миятов.
Сондай-ақ ол жастар арасында ең бірінші кезекте ипотека алуға байланысты қиындықтар болатынын атап өтті.
«Шартты түрде қарастырсақ, ІІІ курста оқып жүрген студент бір жылдан кейін оқу бітіріп, тағы екі жылдан кейін шаңырақ көтереді. Ол өзін банкрот деп таныған болса, бес жылға дейін ипотека ала алмайды. Осыны жастарға түсіндіру қажет. Қаржы сауаттылығын отбасы, мектеп, институтта бастауымыз керек еді. Өкінішке орай, уақыт жіберіп алдық. Бірақ, біз қазірдің өзінде өсіп келе жатқан ұрпақты кірісі мен шығысын сауатты жоспарлауға үйрете аламыз», – деді мемлекеттік кірістер комитетінің өкілі.

Бүгін, 14:26
Бауыржан Ізмағамбетов: Ауыз су жүйесімен қамту деңгейі 100 пайызға жетті
15 наурыз, 14:02
Шавкат Рахмонов Қонаев қаласында дауыс берді
15 наурыз, 13:36
Қызылорда: Қазақтың үш ханы дауыс беруге келді
13 наурыз, 17:27
Елімізде теміржол инфрақұрылымы жаңғыртылып жатыр
13 наурыз, 16:07
Тіршілік нәрі - судың нарқы қашанда қымбат
12 наурыз, 15:28
Қызылордада тұрғын үй құрылысы қарқын алып келеді
11 наурыз, 12:19
«Таза Қазақстан» акциясы биыл өз жалғасын таппақ
10 наурыз, 15:21
Сұңғат Есімханов: Елімізде 163 жаңартылатын энергия нысаны жұмыс істейді
05 наурыз, 16:08
Батыс Қазақстанда су тасқынына қарсы дайындық шаралары күшейтілді