jasqazaq.kz

Несие беретін мекемені тонаған жігітке қатысты сот үкімі шықты

17 қараша 2017, 23:16

Теміртауда шағын несие беретін ұйымды тонаған 30 жастағы жігітке қатысты сот үкімі шықты. Ол тамыздың аяғында тапа-тал түсте мекеме кассиріне пышақ кезеп, қомақты соманы алып кеткен еді.Бұл туралы ktk.kz хабарлайды.

Әбден елірген жігіт өзінің бейнебақылау камерасына түсіп жатқанына да пысқырмаған. Кассадан 174 мың теңгеге әкеткенімен, бір бөтелке арақ қана алып үлгеріпті. Соны тауысып, есеңгіреп отырған жерінде қолға түскен. Кейін белгілі болғанындай, ол құрбысымен қыдырып, ақшасы таусылғанда несие алуға осы жерге келген екен. Жоқ деген жауап естісімен есі кетіп, пышаққа жармасқан. Сері жігіт жасаған қылмысы үшін бүгін жеті жылға бас бостандығынан айырылды. Сондай-ақ, дүние-мүлкі тәркіленіп, түрмеде маскүнемдік пен нашақорлықтан мәжбүрлі түрде емделеді.

20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда
19 тамыз, 12:15
InEco Fest 2025: Алматыда экология, инклюзия және қала мәдениетін біріктірген фестиваль өтті
19 тамыз, 11:59
Музыка – жасөспірім жанының айнасы
18 тамыз, 14:54
Заманауи аппараттардан – жақсы нәтиже
16 тамыз, 12:34
Шымкент: Жарты жылда 1181 ерекше бала оңалтудан өтті
15 тамыз, 12:19
Биғайша Нұрғазинова: Ерекше балалар қоғамға кірігуі тиіс
10 тамыз, 21:15
Түркістан: Абайдың сөзі – рухани құндылықтың алтын қазынасы
09 тамыз, 15:04
Бахадыр Мәдәліұлы: Мүгедектігі бар азаматтарға қолдау көрсету – мәслихат пен партияның ортақ міндеті