jasqazaq.kz

Неймар «Барселона» басшысынан клубта қалдыруын өтінген

17 қараша 2017, 12:18


«Барселона» клубының бұрынғы шабуылшысы Неймар француздық «Пари Сен-Жермен» клубына өтпестен бұрын каталониялық клубтың президенті Жозеп Бартомеодан келісімшарт жасаспауын өтінген, — деп жазады Marca. Бұл туралы tengrinews.kz хабарлайды.

Дереккөз мәліметінше, Неймар екі рет куәгерлердің көзінше Бартомеуге өтініш айтқан. Ол клуб президентінен «ПСЖ-ға» ауыспау үшін қолдан келгеннің барлығын жасауды сұраған. Алайда футболшының әкесі әрі агенті келісімшарттан бас тартпайтынын айтқан. Оған ұлының жұрт назарында болғаны және газеттердің мұқабасына шыққаны ұнаған. Испаниялық БАҚ соңғы кездері Неймардың жаңа клубқа ауысуы жайлы шешімі туралы өкініп жүргенін және бұрынғы командасымен өткізген ойындарын сағынып жүр деседі. Сонымен қатар, бразилиялық футболшы ПСЖ-ның бас бапкері Унаи Эмеримен жанжалдасып жүргені де бар екен. Басында Неймардың басқа клубқа ауысуына басты себеп аргентиналық футболшы Лионель Мессидің көлеңкесінде жүргісі келмегені деп айтылған еді. Сондай-ақ, Неймарды бразилиялық футболшының сатып алатыны жайлы да мәліметтер тарап жатыр. 10 қарашада Неймар «Барселона» ойыншыларынан клубқа қайтып оралуына рұқсат беруін сұраған еді. Ол каталониялық клубтан 2017 жылы жазда «ПСЖ» клубына 222 миллион еуроға келді.

20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда
19 тамыз, 12:15
InEco Fest 2025: Алматыда экология, инклюзия және қала мәдениетін біріктірген фестиваль өтті
19 тамыз, 11:59
Музыка – жасөспірім жанының айнасы
18 тамыз, 14:54
Заманауи аппараттардан – жақсы нәтиже
16 тамыз, 12:34
Шымкент: Жарты жылда 1181 ерекше бала оңалтудан өтті
15 тамыз, 12:19
Биғайша Нұрғазинова: Ерекше балалар қоғамға кірігуі тиіс
10 тамыз, 21:15
Түркістан: Абайдың сөзі – рухани құндылықтың алтын қазынасы
09 тамыз, 15:04
Бахадыр Мәдәліұлы: Мүгедектігі бар азаматтарға қолдау көрсету – мәслихат пен партияның ортақ міндеті