jasqazaq.kz

«Неге соңына дейін бармадыңыз?» Наркенже Серікбаеваның қызы үнсіз қалмады

26 маусым 2025, 15:06

Сурет: instagram.com/zhansayaserikbaeva

Әнші Наркенже Серікбаеваның қызы Жансая анасы мен филармония директорының татуласуына қатысты өз пікірін білдірді, деп хабарлайды jasqazaq.kz.

Жансая Серікбаева «Анам қоғамның басты дертін қозғап, ерлік жасады» деді.

Соңғы үш күндегң жағдай бәріңізді селт еткізбей қоймағаны анық. Мен Анаммен әрқашан мақтанамын, бұл жолыда ерлік жасап ешкім қозғай алмай жүрген, қоғамның басты дертін қозғады. Бұл әрине барлық мекеме басшыларына сабақ болғаны сөзсіз. Барлық әлеуметтік желіде біреуіңіз, жақтасаңыздар, біреуіңіз даттап жатырсыздар, Енді келіп, блогер, журналист сымақтар хайп қуалап Анамды мазаққа айналдырып жатыр, мейлі біз қашанда мықтымыз. Бұл сынақтан да ойнап-күліп бас көтеріп өтіп кетеміз, — деді Жансая.

Жансая бұл жұл жағдай бізге кімнің кім екенін танытып, бұрыңғыдан да шыңдай түскенін айтты.

Біздің қоғамның әлсіз жері де осы басқа басқа біреуді жерден алып, жерге салып табалауға шеберміз. Мейлі халық не демейді? Мен бәрін Аллаға тапсырдым. Дегенмен менің көргенім басқа дүние, Анама қолдау көрсету үшін осы мәселе барысында Анамның жанынан табылдым. Жан жақтан белгілі ел ағалары келіп:
— Наркенже қарындасым, кешірімді болайық деп екі тарап келісімге келіңдер дегенде, Анам көрегендікке салынып, ел ағаларының сөзінен аттап кете алмай біздің тарапымыздан кешірім берілді. Негізі бұл жағдай резонанс тудырды. Сол жерде тұрып, менде Анама реңжіп:
— Неге кешірдіңіз? Неге соңына дейін бармадыңыз?
—деген сұрақты менде қойдым. Сол кезде Анам
— Саяш, Алладан үлкен емеспіз, үлкен басымен ел ағалары алдымызға келіп тұрғанда кешірім бермесек, біздің адамгершілігіміз қайда қалды? —деп, тоқтатты. Осылай екі жақ ортақ шешімге келдік, деп түйіндеді Жансая Серікбаева.

 

 

24 қантар, 15:09
Ержан Жиенбаев: Халық Кеңесі Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Ұлттық құрылтайдың стратегиялық функцияларын орындауды жалғастырады
23 қантар, 19:56
Көмірді кәдеге жарату немесе энергетикалық тәуелсіздік
23 қантар, 15:48
Көздегені пайда, білім сапасы қайда!?
22 қантар, 15:22
Қазіргі депутаттар жаңа Құрылтайға қайта сайлана ма?
20 қантар, 14:02
Президент: Неке институтын ер мен әйелдің ерікті одағы ретінде заңнамалық тұрғыда нығайту қажет
20 қантар, 10:48
Банкомат арқылы қолма-қол ақша алатын азаматтарға қатысты деректер базасы құрылмайды – Ұлттық банк
19 қантар, 13:48
Аида Балаева балаларға арналған кітаптардың жоқ екенін ашып айтты
12 қантар, 13:42
Заңгер: Кінәсі сотпен дәлелденсе ғана - қылмыскер
26 желтоқсан 2025, 17:18
ЮНЕСКО тізімі және цифрландыру: тарихи-мәдени мұраны сақтау саласында қандай жұмыс жүргізілді?