jasqazaq.kz

«Неге қуып келесің?»: бұрынғы полицей жол ережесін бұзғаны үшін тоқтатқан тәртіп сақшыларын боқтап жіберді (Видео)

04 наурыз 2025, 12:28

Қостанай облысында полиция қызметкерлері жол ережесін бұзған жүргізушіге жаза қолданбай, жөніне жібере салғаны үшін жұмыстан қуылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Қостанай-Әулиекөл-Сұрған тас жолында Lexus LX600 автокөлігінің жүргізушісі жылдамдықты асырып, өзге жүргізушілердің өміріне қауіп төндірген, онымен қоймай полицияның тоқтатқанына ашуланып, дүрсе қоя берген.

NG басылымының хабарлауынша, оқиға полиция көлігіндегі бейнетіркеушіге жазылған.

«Неге қуып келе жатырсың», «нөмірімді есіңде сақтап ал, түсіндің бе», — деп полицияға шүйліккен жүргізуші өзінің 11 жыл бойы патрульдік қызметте істегенін айтып қалады.

Қостанай облысының полиция департаменті болған оқиғаға байланысты түсініктеме берді.

«Қызметтік тексеріс жүргізіліп жатыр. Тәртіптік комиссияның шешімімен кінәлі жүргізушіні жауапкершіліктен босатқан патрульдік қызметтің екі қызметкері лауазымдарынан босатылды», — делінген хабарламада.

Ал Lexus LX600 автокөлігінің жүргізушісі ҚР ІІМ Қостанай академиясының магистратура бөлімінде оқитын болып шықты.

«Жүргізушіге берілетін қатаң жаза туралы туралы мәселе тексеру қорытындысы байланысты болады», — деді полициядан.

28 қантар, 15:13
Президент: Қара басының қамы үшін заңды бизнесті тоқтату тәжірибесі әлі де бар
27 қантар, 17:54
"Бензин безгегі» келмеске кетіп барады
27 қантар, 15:00
Моншадан мектеп ашып, мемлекеттен қаржы алып отырған (Видео)
24 қантар, 15:09
Ержан Жиенбаев: Халық Кеңесі Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Ұлттық құрылтайдың стратегиялық функцияларын орындауды жалғастырады
23 қантар, 19:56
Көмірді кәдеге жарату немесе энергетикалық тәуелсіздік
23 қантар, 15:48
Көздегені пайда, білім сапасы қайда!?
22 қантар, 15:22
Қазіргі депутаттар жаңа Құрылтайға қайта сайлана ма?
20 қантар, 14:02
Президент: Неке институтын ер мен әйелдің ерікті одағы ретінде заңнамалық тұрғыда нығайту қажет
20 қантар, 10:48
Банкомат арқылы қолма-қол ақша алатын азаматтарға қатысты деректер базасы құрылмайды – Ұлттық банк