jasqazaq.kz

Неге баға орнына смайлик қойылады?

24 қараша 2017, 14:37

Қазіргі кезде формативті бағалау әлемнің көптеген елдерінде білім берудің барлық деңгейінде қолданылады.

Педагогтар оқушылардың күнделігіндегі баға қоятын орынға неге смайликтер қойылатынын түсіндірді. Tengrinews.kz редакциясының ресми сауалына «Назарбаев зияткерлік мектебінің» өкілдері берген жауапта бұл «формативті бағалау» екені айтылған.

Педагогтардың сөзінше, формативті бағалау кезінде білім алудың қазіргі жағдайы туралы ата-аналар мен оқушылар ақпараттандырылып, кері байланыс пайда болады.

«Қажетті жағдайда кері байланыс ауызша, жазбаша, графикалық түрде де орнатылуы мүмкін. Мәселен мұғалім оқушы нені жақсы істейтіні туралы ақпарат береді, қателерін түзеу үшін қайталауға кеңес береді, ары қарайғы мақсаттарды анықтайды», — дейді «Назарбаев зияткерлік мектебінің» Педагогикалық өлшемдер орталығы директорының орынбасары Айдана Шілікбаева.

Кері байланыс оқушылармен үздіксіз байланыста болып, осы арқылы білім беру процесінің ары қарайғы жоспарлауы жүреді.

«Қазіргі кезде формативті бағалау әлемнің көптеген елдерінде білім берудің барлық деңгейінде қолданылады. Англия, Гонконг, Сингапур, Қытай, Оңтүстік Корея, Малайзия және басқа да елдерде формативті бағалауды дамыту қолға алынған. Бұл формативті бағалаудың жоғары көрсеткіштерге жетудің қуатты құралы», — дейді педагогтар.

Бүгін, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы басты назарда
Бүгін, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда
19 тамыз, 12:15
InEco Fest 2025: Алматыда экология, инклюзия және қала мәдениетін біріктірген фестиваль өтті
19 тамыз, 11:59
Музыка – жасөспірім жанының айнасы
18 тамыз, 14:54
Заманауи аппараттардан – жақсы нәтиже
16 тамыз, 12:34
Шымкент: Жарты жылда 1181 ерекше бала оңалтудан өтті
15 тамыз, 12:19
Биғайша Нұрғазинова: Ерекше балалар қоғамға кірігуі тиіс
10 тамыз, 21:15
Түркістан: Абайдың сөзі – рухани құндылықтың алтын қазынасы
09 тамыз, 15:04
Бахадыр Мәдәліұлы: Мүгедектігі бар азаматтарға қолдау көрсету – мәслихат пен партияның ортақ міндеті