jasqazaq.kz

Үндістанның Гоа штаты қолма-қол ақшадан бас тартты

27 қараша 2016, 18:31

 

goa

Үндістанның туристік штаты Гоа қолма-қол ақша қабылданбайтын алғашқы Үндістан штаты болмақ. 31 желтоқсаннан бастап, мұндағы барлық төлем ұялы телефон немесе банк картасы арқылы ғана жүзеге асады.  Бұл туралы штаттың бас хатшысы Раджеш Кумар Шривастава мәлім етті, деп хабарлады ТАСС агенттігі. «Барлық транзакцияны ұялы теелфон арқылы жүзеге асыруға болады немесе сатып алушыға тиесілі банк есепшотынан ақша алынып отырады», — деді Шривастава жексенбілік The Times of India газетіне берген сұхбатында.  Ол бір айдан кейін Гоада әмиян ұстаудың қажеті болмайтынына және ұры-қарылардың мүлдем жоғаларына сенімді. 31 желтоқсаннан бастап, штат аумағында кез келген тауарға, тіпті балық пен ет, көкөніс алу үшін де ұялы телефоннан арнайы кодты теру керек. Осы орайда Шривастава банкоматтардың әдеттегідей жұмыс істеуді жалғастыратынын атап өтті, ал дүкендер мен қонақ үйлерде несиелік картамен төлем жасауға болады.  Штат аумағында банкоматпен төлем жасауға тыйым салынбайды, дегенмен Гоа біртіндеп «ақшасыз қоғамға» айналуды көздеп отыр. Гоа — кішігірім 1,5 миллион халқы бар аймақ. Алайда мұндағы тұрғындардың жағдайы өте жақсы — көпшілігінің банк есепшоттары мен ұялы телефондары бар. Одан бөлек, «жұмақ штат» аумағына көптеп келетін шетелдік туристер де несиелік картаны пайдаланады.

ҚазАқпарат

15 желтоқсан, 14:01
Алматының индустриалдық аймағы – даму драйвері
12 желтоқсан, 17:21
Алматыда «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында пластик қақпақтарды жинау бойынша эконауқан өтеді
12 желтоқсан, 12:32
Алматы: «Таза Қазақстан» экоакциясының жыл қорытындысы
12 желтоқсан, 12:09
Алматыда «Эко-шырша Алматы» ашық байқауы басталды
11 желтоқсан, 14:20
Алматыда тұрғын үй құрылысы қарқын алып келеді
10 желтоқсан, 23:45
Алматының тазалығын сақтау – ортақ міндет
09 желтоқсан, 13:10
Алматы өңдеу саласын дамытуды жеделдетті
04 желтоқсан, 15:02
Алматыда Сайран көліндегі понтон көпірлер су деңгейінің төмендеуіне байланысты жыл сайын қыста алынады
03 желтоқсан, 19:08
Алматыда қатты отын қолданатын кәуапханаларға бақылау күшейтілді