jasqazaq.kz

Назерке Әріптің анасы қылмыскерге соттан ең ауыр жаза сұрады

12 желтоқсан 2017, 18:04

Алматыда 18 жастағы Назерке Әріптің өліміне қатысты бірінші сот отырысы өтті. Марқұмның анасы Сәуле Сарбаева қылмыскердің ең қатал жазаға тартылуын талап етуде деп хабарлайды NUR.KZ.

Қайғыдан қан жұтқан ана сот барысында қылмыскердің көзінен ешқандай өкініш сезімін байқамаған. Тіпті, ол кешірім де сұрамапты. Сондықтан, жауыз бірер жыл түрмеде отырып, жазасын өтеп шықса мұндай әрекетін тағы қайталауы әбден мүмкін дейді.

Оның айтуынша, қазір айыпталушы жазадан құтылуды ғана ойлап жүр.

«Ол қызымды өлтіргенін мойындап отыр. Бірақ оны зорлағаны, не себепті өлтіргені туралы айтпайды. Бар болғаны «есімде жоқ» деп ақталады. Менің оған қатысты дәлелім жетеді. Қызымның денесін тапқанда, Назеркенің іш киімі жоқ болып шықты. Ал, қылмыскердің анасы оның бала кезден зорлыққа құмар екенін айтқан болатын», — дейді Сәуле Сарбаева.

Естеріңізге сала кетейік, Назерке Әріп 10 шілде күні Тұздыбастау ауылында жоғалып кеткен болатын. Қызды 3 ай іздеп, 6 қыркүйек күні зират басынан тапқан.

Оны өлтірді деген күдікпен Талғар ауданында жүргізуші болып жұмыс істейтін 33 жастағы азамат ұсталды.

Сот сараптамалары көрсеткендей, қылмыскер бұған дейін 3 рет сотты болған. Түрмеге соңғы рет отырғанында «жақсы тәртібі үшін» мерзімінен бұрын босатылған.

25 шiлде, 19:51
Түркістан облысы макроэкономикалық көрсеткіштер бойынша бірінші орынға
25 шiлде, 18:40
Дина Тәжібай: Заманауи трансформатор энергия үнемдейді
25 шiлде, 11:59
Түркістан: Әлеуетті инвестор айналма жол салады
23 шiлде, 7:21
Түркістан: Шардарада ауыз сумен қамту мәселесі қаралды
23 шiлде, 7:18
Түркістан: Шардарадағы жүгері зауытында 500-ден астам жұмыс орны құрылады
21 шiлде, 21:57
Түркістан: Ауыл шаруашылығын дамытуда көш бастап тұр
21 шiлде, 21:56
Түркістан: Жарты жылда өзіндік кіріс көлемі артты
20 шiлде, 12:45
Бейбіт елдің бітімгерлік миссиясы немесе Калай-Хумбтан Голан жотасына дейін
20 шiлде, 10:45
Ғалам – «сауда соғысына» алаң