jasqazaq.kz

Наурызнама онкүндігі Көрісу күнінен бастау алады

14 наурыз, 15:17

Бүгін елімізде жалпыұлттық Наурыз мерекесіне арналған Наурызнама онкүндігі басталды.

Оның алғашқы күні – «Көрісу күні – Амал мерекесі». Бұл – адамдардың бір-бірімен жүздесіп, жылы лебіз айтып, үлкендерге құрмет көрсетіп, қоғамдағы өзара түсіністік пен сыйластықты нығайтатын ерекше күн.
Көрісу күні Наурыздың басталуын білдіріп қана қоймай, адамдардың бір-біріне деген ықыласын арттырып, ұрпақтар сабақтастығын сақтауға және рухани-мәдени құндылықтарды дәріптеуге үндейді. Бұл күні қоғамдағы маңызды қағидалар – үлкенге құрмет,  жақындарға қамқорлық көрініс табады.
Көрісу күнінің мәні тек мерекелік күнмен шектелмейді. Ол адамдарға жылы сөздің, шынайы қарым-қатынастың және адамгершілік құндылықтардың маңызын еске салады. Дәл осындай игі ниеттен жаңару мен жасампаздықтың, бірліктің мерекесі бастау алады.
Наурызнаманың алғашқы күні бүкіл онкүндікке ерекше мән беріп, қоғамды дәстүр, мәдениет және өзара құрмет идеясы төңірегінде біріктіреді. Көрісу күні – ашықтықты, бірлікті және мәдени мұраға деген құрметті дәріптейтін ұлттық болмыстың жарқын көрінісі.

Jas Qazaq

Сурет: today.kz

31 наурыз, 20:53
Найти работу в Астане станет проще: Карьерный центр открылся в трех точках города
31 наурыз, 20:52
"Пропущенная доставка": астанчан предупреждают о новой схеме мошенников
31 наурыз, 20:49
Защита Родины — дело настоящих мужчин!»: в Астане проводили в армию очередную группу молодых людей
31 наурыз, 15:42
Отандық экотуризм: Жаңа бағыт, қарышты қадам
31 наурыз, 14:23
Есірткі кеселімен күрес – ортақ міндет
31 наурыз, 14:14
Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту – басым бағыттың бірі
30 наурыз, 16:02
Күрежолды дамытудағы жаңа бағыт
29 наурыз, 12:17
Көмір генерациясы – өңірлердің даму драйвері
27 наурыз, 20:32
Астанада көктемгі жалпы тазалық жұмысы жүріп жатыр