
Атырау облысында жоғалған отбасының тағы екі мүшесі өлі күйде табылды. Полицияның мәліметінше, бұл отбасындағы ұрыс-керіс көптен беріп жалғасып келген. Ақыры Сұлтан Сәрсемалиев қайын жұртын түгел өлтіріп көзін құртуға тыңғылықты дайындалыпты, деп хабарлайды jasqazaq.kz КТК-ға сілтеме жасап.
Сұлтан Сәрсемалиев пен Ақбаян Мұқанғалиева Индонезиядан елге жеткізілген бойда тергеушілер іске кіріскен. Ерлі-зайыпты күдіктілер із-түзсіз жоғалған Наурыз Мұқанғалиев пен Мейрамгүл Карабалинаның мәйітін көмген жерді көрсеткен. Күдікті қыз-күйеудің қалада жалдап тұрған үйдің іргесінен құзырлы органдар Сұлтан Сәрсемаливтің көрсетуімен Наурыз бен Мейрамгүлдің мәйітін қазып алған. Екеуінің сүйегін бірінің үстіне бірін тастап көмген көрінеді. Әзірге бейресми деректер бойынша, Наурызды қаскөй жазда өлтіріп көмген. Кейін үстіне Мейрамгүлдің мәйітін тастапты.
Туыстарының айтуынша, қаралы отбасының ұлы Наурыз осы үйде, қарындасы мен күйеу баласының қасында болған. Оны соңғы рет жақындары мамырда ғана көріпті. Ол жазда жоғалған деп болжайды. Ал Мейрамгүл 5 қарашада күдіктілермен бірге қалаға келгені айтылды. Жангелдин ауылынан 6 қаңтарда Мақсот Мұқанғалиев пен Нәсіп Өтешқалиеваның мәйіті табылғаннан кейін, құзырлы органдар осы сарай маңын астан-кестеңін шығарып қазып, іздеу жүргізген еді. Сол кезде іздеу жұмыстары нәтиже бермепті. Бірақ қос мәйітті кеше дәл осы үйдің іргесінен қазып алып шықты.
Отбасының күйеу баласы Сұлтан Сәрсемалиев қанды қылмысты ұзақ уақыт жаспарлапты. Полицияның дерегенше, бұған отбасындағы жандал, дүние-мүлікке талас себеп болған. Ақыры қаскөй дегенін істеп, азаматтық некедегі әйелі Ақбаянмен шекара асып кеткен. Индонезияда ұсталған ерлі-зайыптылардың ортақ бес баласы бар.
Посмотреть эту публикацию в Instagram