jasqazaq.kz

«Наркенженің аузы жаман ба?». Журналист әншінің қылығын аяусыз сынады

25 маусым 2025, 13:13

Әнші Наркенже Серікбаева мен филармония директоры Ғалымжан Ерназаров арасындағы дау-дамай өршімей, тез-ақ басылып еді. Әйтсе де, кейбіреулер әлі пікір жазып жатыр. Соның бірі Түркістан өңірінің журналисі Мақсұт Айтжанов екі жақ та өздерінің таза екенін дәлелдеу керек деген пікірде.

Журналист: «Аяғы жаман төрді, аузы жаман елді былғайды» деген. Сонымен Наркенженің аузы жаман ба, жоқ төрге шыққандардың аяғы лас па!? Не болса да іс жылы жабылып, төр мен елді былғағандар жазасыз қалмауы керек. Себебі әншінің бір мәлімдемесінен кейін түгел түстіктің мәдениетіне деген көптің көзқарасы төмендемесе жоғарыламады. Бір сөзбен айтқанда, қазақылықтың қаймағы бұзылмаған өңір мәдениетіне қара күйе жағылды.

Басшы барлығы заң шеңберінде қаралатынын жеткізді. Негізінде заңды тұрғыдан дұрыс шешім сол еді. Себебі заң бар елде әркімнің ойына келгенін айтып, бөсе беруіне болмайды. «Жаптым жала, жақтым күйе» деп түгел бір өңірге тіл тигізу ұят. Әрі қылмыс. Сондықтан әркім айтқан сөзіне жауап беруі керек.

Бірақ бізде олай емес сияқты. Әркім аузына келгенін оттап, артынша түк болмағандай жүре беруіне болатын сияқты. Өйткені осы оқиғаның басталғанына ұзақ уақыт өтпей жатып, қос тарап «келістік» деп, видео жариялап, істі жылы жапқан сыңай танытып тұр», — деп жазды.

Мақсұт Айтжановтың пікірінше, енді екі жақ та өздерінің «сүттен ақ, судан таза» екенін дәлелдеуі керек. Сонда ғана бұл басқаларға сабақ болады.

JQ-Aqparat

 

 

18 ақпан, 13:05
Жаңа Конституция: Ресурстық экономикадан – Интеллектуалдық модельге
13 ақпан, 17:46
Жасанды интеллектіге кәміл сенуге бола ма?
04 ақпан, 14:17
Бала - ерлі-зайыптының кек алу құралы емес
31 қантар, 10:23
Егемендік пен аумақтық тұтастық Конституция жобасында өзгермейтін құндылық ретінде бекітіледі
30 қантар, 18:33
Конституциялық комиссия жаңа Конституцияның бірінші жобасын дайындады
28 қантар, 15:13
Президент: Қара басының қамы үшін заңды бизнесті тоқтату тәжірибесі әлі де бар
27 қантар, 17:54
"Бензин безгегі» келмеске кетіп барады
27 қантар, 15:00
Моншадан мектеп ашып, мемлекеттен қаржы алып отырған (Видео)
24 қантар, 15:09
Ержан Жиенбаев: Халық Кеңесі Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Ұлттық құрылтайдың стратегиялық функцияларын орындауды жалғастырады