jasqazaq.kz

Нархоз университетінде шу шықты: Коуч студенттерге медитация жасатып, кәлима оқытқан (Видео)

28 ақпан 2025, 12:31

Сурет: Ашық дереккөоз/ instagram.com/aikaalemi/

Алматыдағы Нархоз университетінде шу шықты, деп хабарлайды jasqazaq.kz.

Әлеуметтік желіде тараған видеода студенттерге кәлима айтқызған әйелдің дауысы естіледі. Сөйтсе, ол жеке брендті дамыту туралы дәріс оқуға келген Aika Alemi атты бизнес-коуч екен. Ол әңгімесін кәлимадан бастады.

«Көзілдірік пен бас киімді шешіп қоямыз. Көзімізді жұмамыз, қолымызды тіземізге қойып, «Лә иләһа иллә Алла» деп қайталаймыз. Сіздер жоғары күшпен осылай байланысасыздар», — дейді ол.

«Егер мұсылман болмасам ше?» деген сауалға коуч: «мұның дінге қатысы жоқ, жай ғана жаттығу» деп жауап береді.
Енді университет э осы оқиғаға қатысты түсінік беріп, кешірім сұрап әлек.

ЖОО әкімшілігі: «Университет бұл іс-шараның кейбір қатысушылар арасында теріс пікір тудырғанына өкініш білдіреді жəне шынайы кешірім сұрайды. Біз студенттердің пікірін жоғары бағалаймыз жəне олардың белсенді азаматтық ұстанымы мен кері байланысы үшін алғысымызды білдіреміз. Университет əкімшілігі жағдайды жан-жақты сараптап, мұндай оқиғалардың қайталануын болдырмау үшін тиісті шараларды қабылдады. Бастапқыда спикердің мəлімделген тақырыбы «Жеке брендті нөлден қалыптастыру» деп көрсетілген еді. Алайда қонақ дəріс барысында айтылған кейбір пікірлер мен қолданылған əдістер бұл тақырыпқа толық сəйкес келмеді. 2025 жылғы 3 наурызда Гуманитарлық мектептің директоры мен оқытушылары студенттермен арнайы кездесу өткізіп, іс-шараға қатысушылардан ресми түрде кешірім сұрайды. Сонымен қатар, университет қонақ дəрістерін өткізу тəртібіне қосымша өзгерістер енгізуді жоспарлап отыр», — дейді.

Бизнес-тренердің өзі де студенттерден кешірім сұрапты.

«Егер менің кейбір сөздерім, əдістерім немесе əрекеттерім университет қабырғасында орынсыз болып, студенттердің жайлылығына əсер етіп, біреудің сезіміне қаяу түсірген болса, шын жүректен кешірім сұраймын», — деген ол.

Aika Alemi өзінің желідегі парақшасында әртүрлі діннің әндерін тыңдап, медитация жасайтынын жазған.

Ғылым және жоғары білім министрлігі осы оқиғаға қатысты не дейді екен?

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от EGOV.PRESS (@egovpress)

JQ-Aqparat

18 ақпан, 13:05
Жаңа Конституция: Ресурстық экономикадан – Интеллектуалдық модельге
13 ақпан, 17:46
Жасанды интеллектіге кәміл сенуге бола ма?
04 ақпан, 14:17
Бала - ерлі-зайыптының кек алу құралы емес
31 қантар, 10:23
Егемендік пен аумақтық тұтастық Конституция жобасында өзгермейтін құндылық ретінде бекітіледі
30 қантар, 18:33
Конституциялық комиссия жаңа Конституцияның бірінші жобасын дайындады
28 қантар, 15:13
Президент: Қара басының қамы үшін заңды бизнесті тоқтату тәжірибесі әлі де бар
27 қантар, 17:54
"Бензин безгегі» келмеске кетіп барады
27 қантар, 15:00
Моншадан мектеп ашып, мемлекеттен қаржы алып отырған (Видео)
24 қантар, 15:09
Ержан Жиенбаев: Халық Кеңесі Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Ұлттық құрылтайдың стратегиялық функцияларын орындауды жалғастырады