jasqazaq.kz

Найзағай түскен қамыс алқабы өртеніп жатыр (видео)

07 тамыз 2020, 19:46

Ақтөбе облысы, Әйтеке би ауданы, Белқопа ауылы маңында қамыс өртеніп жатыр. Өрт аумағы 50 гектарға жетті.Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

Әйтеке би ауданының Белқопа ауылы маңында өрт шықты. Қамысты алқаптың төрттен бір бөлігі жанып кеткен. Аумағы 50 гектарды құрады. Қазір өрт сөндіріліп жатыр. Барлығы 7 техника мен 23 адам жұмылдырылды.

«Кеше жаңбыр жауды, найзағай түсті. Болжам бойынша өрт содан шығуы мүмкін. Көрші ауылдарға қауіп жоқ. Қамыстың биіктігі 5-6 метр. Түтіннің қою болуы сондықтан. Мұндай оқиға 2012 жылы да тіркелген болатын», — деді ТЖД бастығы Марғұлан Аманбаев. Ақтөбе қаласынан да қосымша күш жіберілді.

«Белқопа ауылының жанында аумағы 400 гектар болатын қамыс алқабы бар. Оның 50 гектары өртеніп кетті. Өрт сөндірушілер жедел жетіп, сол жерде жұмыс істеп жатыр. Облыстық ТЖД бастығы Марғұлан Аманбаев, аудан әкімінің орынбасары мен еріктілер сол жерде. Ауылға қауіп төніп тұрған жоқ. Қамыс арасында адам да, техника да кіре алмайды. Әрі батпақ. Ауылға өрт жетпеуі үшін трактормен жан-жағын жыртып жатырмыз», — деді Ақтөбе облыстық ТЖД бастығының орынбасары Асқар Төлешов.

View this post on Instagram

7 тамыз күні 9 сағат 03 минутта Әйтеке би ауданы Белқопа ауылы маңында дала алқабы жанып жатқандығы жөнінде ақпарат келіп түсті. Хабарлама бойынша Белқопа ауылының ЕӨҚҚ 23 адам 7 техника, Өрт сөндіру бөлімінен 3 адам 1 техника жұмылдырылды. Қазіргі уақытта өрт сөндіру жұмыстары жүргізілуде. Оқиға орнында Әйтеке би ауданы әкімінің орынбасары, Белқопа а/о әкімі, аудандық ТЖБ бастығы өртті елді-мекенге таратпау бойынша жұмыстар жүргізуде. Зардап шеккендер жоқ.

A post shared by Aqtóbe oblysynyń ТJD (@aqtobe_tjd) on

03 шiлде, 16:34
Алматы тұрғындары өз ауласын өзгерте алады
03 шiлде, 13:01
Түркістан: Елді мекендерде жол жөндеу, жаңғырту, абаттандыру жұмыстары жүріп жатыр
03 шiлде, 12:38
Түркістан: Инвесторлар іскерлік байланыс орнатуға ниетті
03 шiлде, 12:08
Нұрлан Қойбағаров: Мүмкіндігі шектеулі жандардың құқығын қорғау – мәслихаттың тұрақты бақылауында
02 шiлде, 15:17
Түркістан: Заманауи зауыт пен кәсіпорын көбейіп келеді
02 шiлде, 15:08
Түркістан: Инфрақұрылымды жақсарту жұмыстары қарқынды
02 шiлде, 15:06
Түркістан облысында ауыл шаруашылығы дрондары шығарылады
02 шiлде, 14:48
Түркістан: Агроөнеркәсіп саласында алты айдың қорытындысы сараланды
02 шiлде, 14:18
Түркістан: Жаңа кәсіпорындар ашу жөнінде меморандумдар жасалды