jasqazaq.kz

«Нағыз қайырымдылық жарнамасыз жасалады». Ләйсира Марат Алагөзовтың «100 пәтер» акциясына пікір білдірді

05 маусым 2025, 15:08

Өткен аптада тәтті сусын шығаратын зауыттың иесі Тұрсын Алагөзов қызметкерлеріне 100 пәтер сыйлап, мақтаудың астында қалған еді. Осыған орай оның бұрынғы әйелі, танымал кәсіпкер Ләйсира Марат өзінің Instagram парақшасында бейнежазба жариялады. Біраз жәйттің басын ашқан ол Алагөзовтың қайырымдылық акциясын сусын саудасын үлғайтуға бағытталған «маркетинг тәсілінен басқа ештеңе емес» деп бағалады.

2016 жылы Тұрсын екеуі ажырасқаннан кейін Galanz Bottlers компаниясының 50 пайыздан астам акциясын сіңлісі екеуі иеленген Ләйсира Марат басқару тізгінін қолына алғанда кәсіпорынның 13 млрд теңге қарызы болған. Компанияның құрдымға кетуіне жол бермеу үшін бар күшін салған ол бір-екі жылда қарыздың көп бөлігінен құтылып, аяғынан тік тұрғызады.

Жағдай жақсара бастағанда, яғни 2018 жылы Тұрсын Алагөзов сол кезде ықпалы күшті болғаны Сатыбалды әулетінің көмегіне жүгінеді. 2021 жылы Ләйсира Марат компаниядан кетуге мәжбүр болады. Ол мұндай қадамға өз өмірін сақтап қалу үшін барғанын айтады.

Еске түсірсек, былтырғы мамыр айында жеті жылға сотталған Гүлмира Сатыбалды «бизнесімді тартып алды» деген кәсіпкер Тұрсын Алагөзовке 6 млрд 584 млн теңге өтемақы төлейтіні туралы сот шешімі шыққан.

Бірақ бұған қатысты Ләйсира Марат ештеңе айтпады. Ол Алагөзовтың 100 пәтер сыйлауы қайырымдылық емес, таза маркетинг екенін айтты. Оның пікірінше, нағыз қайырымдылық жарнамасыз, пайда көздемей жасалуы тиіс. Ләйсира Марат: «Бұл жолғы 2 миллиард теңге – шын мәнінде, алдағы науқан алдындағы өнім жарнамасына бөлінген маркетинг бюджетінің жартысына тең. Шай сатылуы керек, қоймада қалмауы тиіс. Бұл – әрі имидж, әрі нарықтық тактика», – дей келе, бұрынғы күйеуі осы әрекетімен өз мүддесін күйттейтінін айтып өтті.

Қазір әлеуметтік желіде бұл жазба қызу талқыланып жатыр. Алагөзовтың өзі де, қазіргі әйелі әзірге пікір білдірмеді.

JQ-Aqparat

Фото: forbes.kz

Бүгін, 15:45
Скверлер, жағалаулар мен аулалар: Алматының Жетісу ауданында 12 гектар көріктендіріледі
07 сәуiр, 14:46
Астанадағы білім беру ұйымдарында тәрбиелік мәні бар іс-шаралар өткізіліп жатыр
07 сәуiр, 14:43
«Таза Қазақстан»: елордалық зауыт аумағында ауқымды тазалық өтті
06 сәуiр, 10:50
OPEC+: Қазақстан мұнай өндірісі көлемін арттырады
03 сәуiр, 19:34
EQ — табысқа жетудің жаңа формуласы
31 наурыз, 20:53
Найти работу в Астане станет проще: Карьерный центр открылся в трех точках города
31 наурыз, 20:52
"Пропущенная доставка": астанчан предупреждают о новой схеме мошенников
31 наурыз, 20:49
Защита Родины — дело настоящих мужчин!»: в Астане проводили в армию очередную группу молодых людей
31 наурыз, 15:42
Отандық экотуризм: Жаңа бағыт, қарышты қадам