jasqazaq.kz

Нұртай Сәбилиянов: Азаматтарымыз қазақ тілінде заң көмегін ала алмайды

29 мамыр 2017, 14:11

Бұл туралы Парламент Мәжілісінде «Нотариат және адвокатура институттарын одан әрі дамыту және реформалау» тақырыбында өткен үкімет сағатында Мәжіліс депутаты Нұртай Сәбилиянов айтты, деп хабарлайды jasqazaq.kz тілшісі.

«Бүгінгі қаралып жатқан мәселе – өте маңызды. Менің тоқталайын дегенім – мемлекет тарапынан көрсетілетін тегін заң көмегіне байланысты. Тегін заң көмегін көрсету Конституцияда қарастырылған. Осыған байланысты біз заң қабылдағамыз, тиісті қаражат та бөлінді. Ол қаражат игеріліп те жатыр. Бірақ осы тегін заңды көмек көрсетуде біраз кемшілік бар. Біріншіден, адвокаттардың мемлекеттік тілде тегін заң көмегін көрсете алмауы. Сіздерге бір мысал келтірейін, Ақмола облысының Целиноград ауданынан Нұрмұхамбет Тілембетов деген азаматтан хат келді. Онда бірнеше жыл бойы тегін заң көмегін алуға қол жеткізе алмай жүргендігі айтылған. 2-топтағы мүгедек азамат. Әділет министрінің қабылдауында болған. Тапсырма да берілген. Бірақ берілген адвокаттар, қорғаушылар одан бас тартқан. Сотты қазақ тілінде жүргізуден бас тартқан. Сонда игеріліп жатқан ақшаға қандай қорғаушылар көмек көрсетіп жатыр, олар қай тілде көрсетіп жатыр? Бұған толық талдау жасалу керек. Өйткені Қазақстанда тұрып қазақ тілінде заң көмегін ала алмаса, бұл – азаматтардың құқығын бұзу деген сөз. Бұған өте үлкен бақылау жасау керек деп ойлаймын. Неге жаңағы мүгедек азаматқа қазақ тілінде емес орыс тілінде іс жүргізетін қорғаушы беріледі? Ол адам Бас прокуратураға да жазған. Жақында Сізге ол хатты жібердім. Жалпы Қазақстан бойынша қанша азамат мемлекеттік тілде заң көмегін көрсете алады?», — деді Мәжіліс депутаты Нұртай Сәбилиянов әділет министрі Марат Бекетаевқа.

Сондай-ақ депутат ауылды жерлерде адвокаттардың жетіспейтіндігін, тіпті кейбір елді мекендерде заңдық көмек беретін мамандардың болмайтындығын және ауыл азаматтарының адвокаттарға төлейтін ақшасы жоқтығын да сөз етті.

18 қараша, 15:39
Түрксіб ауданы Алматының «жасыл-желегі жайқалған қала» мәртебесін нығайтып жатыр: 772 мыңнан астам ағаш егіліп, көшелер көгалданды
18 қараша, 15:30
Алматының Түрксіб ауданы осы маусымдағы ең ауқымды абаттандыру жұмысын аяқтап, тұрғындар таңдаған 32 жобаны жүзеге асырды
14 қараша, 18:02
Жасыл желек пен жарық — Алматыда Торайғыров көшесінде ауқымды жаңарту жұмыстары аяқталды
14 қараша, 17:40
Алматыда мектептің сыйымдылығы 300 оқушыға дейін ұлғайтылады
14 қараша, 17:37
"Таза Қазақстан": Алматыда «Қағаз boom» экологиялық акциясы өтті
12 қараша, 13:39
Алматының Бостандық ауданында жаңа емхананың құрылысы аяқталуға жақын
11 қараша, 11:04
Дархан Сатыбалды: Сәулеттік жарықтандыру қаланы заманауи әрі қауіпсіз етеді
10 қараша, 10:44
Дархан Сатыбалды Алматыдағы жаңа скверді аралады
31 қазан, 19:45
APEC ашық әрі әділ сауда-саттықты қолдауға шақырды