jasqazaq.kz

Нұрлан Ноғаев: Дирк мырза, қазақша сөйлесейік!

14 қараша 2016, 12:42

5825b534bc383nogayev-768x511-700x465

 Ноғаевқа дән риза болдық. Атыраудың әкімін айтамыз. Күні кеше Голландияның елшісі Дирк Ян Коппты қабылдапты.

365info.kz хабарлағандай, елшіде кінә жоқ негізі. Осында келгелі көргені орыс тілі ғой. Қазақстанды орыстілді ел деп ойлайды. Содан да шығар облыс әкіміне орыс тілінде сұхбаттасуды ұсынған екен. Көрдіңіз бе, қалай? Қазақстанға келген шетелдіктер алдымен орысша үйренеді. Олар мемлекетік тілдің қазақ тілі екенінен хабардар ма екен?

Бірақ Ноғаев жарапты. Орысша сөйлей бастаған елшіні бір ауыз сөзбен бөгеген екен.

«Елші мырза біз де, сіз де Қазақстанда жүрміз ғой. Айталық, мен Голландияға барар болсам, жаныма голланд тілінде сөйлейтін аудармашыны ертіп аламын. Осы себепті де, қазір қазақ тілінде әңгімелесуге мүмкіндігіңіз болмаса, келесіде қазақша сөйлесуге келісейік. Жарай ма?», – депті Нұрлан Ноғаев.
Елші не дейді? Келіскен болар. Келесіде қазақша сөйлейді деп күтейік. Тым болмаса АҚШ-тың елшісінен үлгі алсын, Ресей елшісінен емес…

Елшінің келгендегі мақсаты Атырау облысымен қарым-қатынасты нығайту екен. Әкіммен әрі қарайғы әңгіме осы тақырыпта өрбіпті.

Бүгін, 16:24
Мақсат - сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілік қағидатын қалыптастыру
26 наурыз, 14:08
Әлібек Молдакәрімов: Өңірдегі жобалар негізінен өңдеу өнеркәсібіне бағытталған
26 наурыз, 12:46
АЭС құрылысы: Дұрыстығы дәлелденген тарихи шешім
20 наурыз, 11:24
Қорғаныс қабілеті мықты мемлекет ертеңге сеніммен қарайды
19 наурыз, 12:31
Әскери ынтымақтастық: Қуатты қорғаныс саясатының берік кепілі
18 наурыз, 13:39
«Таза Қазақстан» әркімнің өзінен басталады
18 наурыз, 12:56
Мирас Тоқтарханов: Абай облысында ауыл шаруашылығының барлық бағытына қолдау бар
17 наурыз, 15:22
Мұнай өңдеу: Әлеует пен әрекет үндескенде
17 наурыз, 12:25
Рәтбек Демеуберген: Біздің басты міндетіміз - кез келген жағдайға жедел әрекет ету