jasqazaq.kz

Мұз айдынындағы айшықты сәттер айырықша балаларға шексіз қуаныш сыйлады

10 қазан 2022, 11:14

Астана қаласында оналасқан «Тарлан» мұз айдынында айрықша балаларға арналған отбасылық «Көңілді ойындар» спорт мерекесі болып өтті. Бұл шара Қазақстанда қазан айының екінші жексенбісінде атап өтілетін мүмкіндігі шектеулі жандар күніне орай ұйымдастырылды. Оны өткізуге Астана әкімдігінің қолдауымен «Каспий» спортты дамыту қоры ұйтқы болды. Осы қордың атқарушы директоры Абдусаид Назаров былай дейді:

— «Көңілді ойындарды» жыл сайын ұйымдастыру біздің дәстүрімізге айналды. Мұндағы мақсат айрықша қамқорлықты қажет ететін балаларды әлеуметтік тұрғыдан бейімдеу, олардың отбасында және қоғамда үйлесімді өсіп-дамуына демеу болу, салауатты өмір салтын насихаттау болып табылады. Эстафета тапсыру, кедергілерді жеңу сияқты бірнеше кезеңнен тұратын спорт жарысына айрықша бала тәрбиелеп отырған 25 отбасы қатысуда. Біз үшін осы шараға қатысқан балалардың бәрі жеңімпаз. Оларға деген сый-сяпаттарымыз бен жүлделеріміз дайын.
Ұйымдастырушылардың пікірінше мұндай жарыстарға балалардың ата-аналармен бірге қатысқаны пайдалы. Өйткені олардың мінез-құлқы мен дүниетанымы отбасында қалыптасады және жас өскін жақындары тарапынан өзіне деген жан жылуын барынша сезінуі керек.

Жарысқа қатысып жатқан алты жасар Әзиманың анасы Сандуғаш Өтебаеваның осы спорт кешеніне бірінші рет келуі екен. «Бірден осындай мерекелік шараның үстіне түскенімізге қуаныштымыз. Қызым конькиге өте құмар. Теледидардан мәнерлеп сырғанап жүрген адамды көрсе, бір орнында тұра алмайды. Мұнда айрықша балаларға жаттығу тегін екен. Әзиманың барлық құжаттарын дайындап қойдым. Осындай игілікті шараға ұйтқы болып, балалардың көңілін серпілткен азаматтарға алғысымыз шексіз», — дейді Сандуғаш.

Абзал Ибрагим,
Астана

20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда
19 тамыз, 12:15
InEco Fest 2025: Алматыда экология, инклюзия және қала мәдениетін біріктірген фестиваль өтті
19 тамыз, 11:59
Музыка – жасөспірім жанының айнасы
18 тамыз, 14:54
Заманауи аппараттардан – жақсы нәтиже
16 тамыз, 12:34
Шымкент: Жарты жылда 1181 ерекше бала оңалтудан өтті
15 тамыз, 12:19
Биғайша Нұрғазинова: Ерекше балалар қоғамға кірігуі тиіс
10 тамыз, 21:15
Түркістан: Абайдың сөзі – рухани құндылықтың алтын қазынасы
09 тамыз, 15:04
Бахадыр Мәдәліұлы: Мүгедектігі бар азаматтарға қолдау көрсету – мәслихат пен партияның ортақ міндеті