jasqazaq.kz

Мұрат Үмбетәлиевтің атышулы ісі жаңа қырынан өрбіп жатыр

10 қараша 2017, 20:54


Бұған дейін жәбірленуші ретінде танылған өңірдегі криминалдық полиция басқармасының бұрынғы бастығы Ерлан Бектұрғанов пен аудандық халыққа қызмет көрсету орталығының басшысы Марсел Жетпісбаевқа да қатысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды ktk.kz.

 

 

Бұл екі азаматтың да жауапқа тартылуына әлеуметтік желіде тараған бейнероликтер себеп болған. Яғни мына жарияланған видеода тек Үмбетәлиев қана емес, Бектұрғанов пен Жетпісбаевтың да қарап тұрмағандары анық көрінеді. Тіпті қазіргі айыпталушыны үй жағына іздеп барып, оған шаубылды бірінші бастаған да соңғы екеуі екені байқалады. Қылмыстық істе бұлардың іс-әрекеттері ескерілмей, тек Мұрат Үмбетәлиев қана жауапқа тартылып жатқан. Ал енді Бектұрғанов пен Жетпісбаевтың да үстінен «бұзақылық жасау және қылмыс туралы хабарламау» баптары бойынша тергеу жүргізілуде. Еске салсақ, тамыз айында әріптестерінің думанды кешінен шыққан ішкі істер департаментінің екі басқарма бастықтары мен аудандық халыққа қызмет көрсету орталығының басшысы көшеде жаға жыртысқан. Соның салдарынан Мұрат Үмбетәлиев екеуін пышақтап тастаған еді. Енді сол қылмысы үшін Үмбетәлиев заң алдында жауап беріп жатыр.

Бақыт Досқұлов, Жамбыл облысы прокурорының аға көмекшісі:

-Ведомстваралық тергеу тобының нұсқауымен Бектұрғанов пен Жетпісбаевтың ісі негізгі істен бөлек облыстық ІІД тергеу басқармасына жіберілді. Соның қорытындысы бойынша осы екі азаматқа қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізілуде. Бұл іс прокуратураның жіті бақылауында болады.

22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда
19 тамыз, 12:15
InEco Fest 2025: Алматыда экология, инклюзия және қала мәдениетін біріктірген фестиваль өтті
19 тамыз, 11:59
Музыка – жасөспірім жанының айнасы
18 тамыз, 14:54
Заманауи аппараттардан – жақсы нәтиже
16 тамыз, 12:34
Шымкент: Жарты жылда 1181 ерекше бала оңалтудан өтті
15 тамыз, 12:19
Биғайша Нұрғазинова: Ерекше балалар қоғамға кірігуі тиіс
10 тамыз, 21:15
Түркістан: Абайдың сөзі – рухани құндылықтың алтын қазынасы