Мұрат Қабденов: Басты мақсат — тұрғындардың қауіпсіздігін сақтау

14 мамыр, 13:13

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев құқық қорғау органдарының басшыларымен кеңесте «Заң және Тәртіп» қағидатын ұстану қоғамның идеологиялық және саяси нұсқаулығына айналуы қажет екенін атап көрсетті. Әділетті қоғамда заң – теңдік пен тәртіптің кепілі. Түркістан өңіріндегі құқық қорғау органдарының қызметкерлері осы қағиданы басшылыққа алып, еліне қалтқысыз қызмет етіп келеді.

Jasqazaq.kz тілшісі Түркістан облысы Полиция департаментінің басшысы, полиция-майоры Мұрат Қабденовпен арнайы сұхбаттасып, өңірдегі қоғамдық тәртіптің қалай жүзеге асырылып жатқанын білді.

— Мұрат Талапұлы, таяуда Түркістан Департаментінің биылғы жылдың алғашқы тоқсанында атқараған жұмысының қорытындысына арналған кеңес өтті. Облыстық полицияның жыл басынан бергі қызметі, жеткен жетістіктері мен алдағы жоспары туралы айта кетсеңіз.

— Биылғы жылдың 3 айында облыс аумағында атқарылған қылмыстың алдын-алу, қоғамдық тәртіп пен жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жеке құрам арасындағы тәртіппен заңдылықтың сақталуы, сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу бағытындағы атқарылған жұмыстарды қорытындылау мақсатында жедел кеңес өтті.

Жиынға салалық басқарма (бөлім) және қалалық, аудандық полиция басшылары, олардың орынбасарлары, бөлімше басшылары мен топ жетекшілері қатысты.

Күн тәртібінде «Полиция департаментінің есептік мерзімдегі жұмыс қорытындылары мен алдағы кезеңге басым міндеттері» қаралды. Әрбір сала басшыларының баяндамалары тыңдалып, атқарылған жұмыстар сараланды.

Жеке құрамға облыста жол-көлік оқиғасына байланысты, жол апаттарының алдын алу мен болдырмау мақсатында тиімді ұсыныстар әзірлеу, профилактикалық іс-шараларды жандандыруды тапсырдым. Отбасындағы тұрмыстық зорлық-зомбылық, кәмелет жасына толмағандар арасындағы құқық бұзушылыққа жол бермеу үшін рейдтік шараларды күшейту жүктелді. Яғни атқарылған жұмыстар, орын алған кемшіліктер, оларды жою жолдары жан-жақты талқыланып, полиция қызметкерлерін адалдыққа тексеру, оларды оқыту-үйрету жұмыстарына да көңіл бөлуді айтып өттік.   Мал ұрлығы қылмыстарының алдын алу мақсатында мал иелерімен мүліктеріне өздері қарау немесе бақташы жалдау, сондай-ақ чиптарды орнату бойынша түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыру тапсырылды.

Жалпы 2024 жылды «Профилактика жылы» деп атап, жасөспірімдер қылмысы, жол-көлік оқиғалары, мал ұрлығы, алаяқтық, зорлық-зомбылық, нашақорлық, вандализм секілді бірқатар қылмыстардың алдын алу шараларын күшейтудеміз. Яғни 15 бағыт бойынша нұсқаулар бердім, тәртіп сақшылары күшейтілген күн тәртібінде жұмыс жасауда.

Осы ретте облыс тұрғындарына рейд, профилактикалық іс-шаралар мен түсіндіру жұмыстары жиілесе оған түсіністікпен қараңыздар дегім келеді. Себебі көп жағдайда ұсақ құқық бұзушылықтар үлкен қылмыстың болуы сатысындағы қауіпті процесс, әсіресе қастандық, бопсалау, ұрып-соғу мен тонау қылмыстарына жол ашып береді. Сондықтан барлығын бақылауда ұстап, ұсақ-түйекті назардан тыс қалдырмай, жұмыс жасаймыз.

— Кез келген қоғамда заң мен тәртіптің орнығуы табиғи фактор. Облыста «Заң және тәртіп» консолидациялық  жобасы қалай жүзеге асып жатыр?

— «Заң және Тәртіп»: Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ішкі істер министрлігінің кеңейтілген алқа отырысын өткізіп, еліміздің әрбір азаматы өзін қауіпсіз сезінуі және ол үшін құқық қорғау жүйесі үйлесімді әрі тиімді жұмыс істеуі қажет екенін алға тартқан болатын. Мұндағы негізгі месседждер:

«Біздің азаматтарымыз кез келген заңсыздыққа қарсы болуы керек, яғни бізге заң бұзушылыққа төтеп беретін мықты иммунитет қажет»

«Ел ішіне іріткі салатын, қауіп төндіретін әрекеттерді ақтауға қатаң тосқауыл қою керек»;

«Заң мен тәртіптің үстемдігін қамтамасыз ету – Әділетті Қазақстанды құрудың басты шарты»;

«Құқық бұзушылықтың алдын алу саласында бірыңғай заң әзірлейтін уақыт жетті. Заң жобасында профилактикадан өтетін азаматтар тізімін толықтай қайта қараған жөн»;

«Үкіметке балаларды зорлық-зомбылықтан қорғау мәселесін мұқият саралап, нақты шаралар қабылдауды тапсырамын»;

«Полиция есірткі өндіру, оны сату және таратуға қарсы белсенді күрес жүргізуі керек. Науқаншылдық, көзбояушылық және статистика үшін жұмыс істеу дегенді тоқтату қажет»;

Біз өздерінің қызметтік міндеттерін адал атқарып жүрген полицейлерді ескерусіз қалдырмауымыз керек»!

Ал бұл бағытты Түркістан облысының полицейлері қолдайды. Президенттің «Заң және тәртіп» қағидатына сәйкес, облыс полицейлерімен тиісті жұмыстар атқарылуда. Оның ішінде азаматтық-патриоттық, саяси, рухани-адамгершілік тәрбиені насихаттау, тарихи ескерткіштерді сақтау мәдени орындарда орын алған вандализм тәртіпсіздіктерін жоюға баулу мақсатында кездесулер ұйымдастырылуда. Егер қала мүлкін ұрлап немесе бүлдіргендер анықталса, бұл туралы шұғыл хабарлау керектігі айтылуда.

Оған қоса, полицейлердің азаматтармен сыпайы қарым-қатынас орнатуын нығайту мақсатында түсіндіру жұмыстары ұдайы жүргізіледі. Жұршылықпен қарым-қатынас кезінде өздерін дұрыс ұстауы жөнінде ескертіледі. Ең бастысы, қандай жағдай орын алса да, полиция қызметкері өзін ұстамды, сабырлы қалпында сақтап, дөрекі болмау қажеттілігі жеткізіледі.

Сұхбаттасқан Мақпал Махаметқызы

Суреттер: Түркістан облыстық ПД баспасөз қызметі

(Жалғасы бар)

26 қараша, 14:17
Ғажайып крем қалтаны қақты
25 қараша, 14:24
Арнайы алимент қоры қашқын әкенің жүгін жеңілдетеді
24 қараша, 21:50
Алматыда XVII Халықаралық «Еуразия» кинофестивалі басталды
19 қараша, 15:33
Дәлел Уәшев: Қазақтың дәстүрлі өнері мен мәдениетін жетік біліп,  құрметпен қарауға міндеттіміз
12 қараша, 11:05
Red+ арқылы сатып алсаңыз 15% бонус
25 қазан, 11:56
Астық пен тасымал көбейсін!
23 қазан, 14:22
Президент: Бейбітшілік пен тыныштық - біздің ең құнды байлығымыз
18 қазан, 11:59
Алаяқтық жолмен несие рәсімдеуге банктердің қатысы бар ма?
16 қазан, 14:48
Қызылордада інісінің куәлігімен ағасын соттап жіберген