jasqazaq.kz

Мұрат Әйтеновтің төрағалығымен жылу беру маусымына дайындық бойынша жиын өтті

11 қазан 2022, 15:42

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновтің төрағалығымен жылу беру маусымына дайындық бойынша жиын өтті. Жиында қыс маусымына дайындық жұмыстары барысы баяндалды.

Жалпы саны 18 жылу қазандығы түгел дайын және қаламызда көмір қоры жеткілікті. Инфрақұрылымды дамыту басқармасының басшысы Б.Булатбеков жиын барысында инфрақұрылымдық жүйелер дайындығы, оның ішінде Игілік, Жиделі, Сайрам тұрғын алаптарында сапалы электр қуатымен қамту мақсатында бірқатар жұмыстары, сонымен қатар «КазТрансГаз Аймақ» АҚ тарапынан газ қысымымен өлшеу жұмыстары, және де «Су ресурстары — Маркетинг» ЖШС-не қарасты су құбырларын қайта жаңарту жұмыстары толық орындалғанын баяндады.

Сала мамандары тарапынан көпқабатты тұрғын үйлердің дайындық жұмыстарын тексеру барысында;

Еңбекші ауданына қарасты «Теріскей» шағын ауданында екі тұрғын үйде;

Әл-Фараби ауданына қарасты Ғ.Илеяв көшесінде бір және Түркістан көшесінде де бір тұрғын үйде дайындық жұмыстары мүлдем жүргізілмегендігі анықталғандығын атап өтті.

Жиын соңында қала әкімі, сала басшылары мен мамандарына жедел түрде аталған аудандардағы кемшіліктер бойынша және жекеменшік электр қуатын тарататын кәсіпкерлердің қысқа дайындығын анықтау бойынша комиссиялық топ құруды, тапсырмалардың орындалу барысын жүйелі түрде баяндап отыруды басқарма басшысына тапсырды.

Айта кетсек, қалада 2022-2023 жылдың жылу беру маусымына дайындық жұмыстарының жоспары мен арнайы штаб құрамы бекітілген. Штаб өткен жылға талдау жасап, алдағы маусымға дайындықты жүргізеді. 2022 жылдың жылу беру маусымынан кейін 838 шақырым жылу жүйелерін тексеру барысында 79 ақау анықталған. Қазір оның 21-і түзетіліп, қалған 58 жағдай тамыз айының соңына дейін толық қалпына келтіріледі. Жылу жүйелерінің тозу деңгейін төмендету үшін 18,0 шақырым жүйеге ағымдағы жөндеуге мердігер мекеме анықталуда. Жөндеу жұмыстары қыркүйектің соңына дейін аяқталады. Нәтижесінде жылу жүйелерінің тозу деңгейі 37%-дан 35%-ға төмендейді.

Тоқтар Жақаш

20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда
19 тамыз, 12:15
InEco Fest 2025: Алматыда экология, инклюзия және қала мәдениетін біріктірген фестиваль өтті
19 тамыз, 11:59
Музыка – жасөспірім жанының айнасы
18 тамыз, 14:54
Заманауи аппараттардан – жақсы нәтиже
16 тамыз, 12:34
Шымкент: Жарты жылда 1181 ерекше бала оңалтудан өтті
15 тамыз, 12:19
Биғайша Нұрғазинова: Ерекше балалар қоғамға кірігуі тиіс
10 тамыз, 21:15
Түркістан: Абайдың сөзі – рухани құндылықтың алтын қазынасы
09 тамыз, 15:04
Бахадыр Мәдәліұлы: Мүгедектігі бар азаматтарға қолдау көрсету – мәслихат пен партияның ортақ міндеті