jasqazaq.kz

Мұрат Әйтенов ирригациялық жүйелердің құрылыс барысын тексерді

21 қыркүйек 2022, 16:20

Су басуды алдын-алу үшін бірінші кезекте 7,3 шақырым құрайтын 21 нысанға ирригациялық жүйелер салу жоспарланды. Бүгінге дейін 14 мекенжайда жалпы ұзындығы 5,3 шақырым болатын арықтар орнатылып, бітуге жақын.

Бүгін Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов қалаға шалғай орналасқан елді мекендердің жаңадан орнатылып жатқан ирригациялық жүйелерінің құрылыс барысын тексеріп, тұрғындармен кездесті. Соның бірі — Еңбекші аудан аумағына қарайтын Маятас тұрғын алабы.

Қазіргі таңда Қ.Нысанбайұлы көшесі бойына ирригациялық науалар орнатылуда. Жалпы Еңбекші ауданы бойынша Тоғыс, Маятас, Бадам-1 тұрғын алаптары мен Шаңырақ шағын ауданында 1,6 шқ құрайтын арықтар қазылуда. Екі ай бұрын басталған жұмыс қазан айында аяқталады.

Құрылыс жұмыстарының сапасы мен ауқымын межелеген қала әкімі бұған дейін берген тапсырмаларының тиянақты орындалуын талап етті.

–Ауа райының қандай болатынын болжап біле алмаймыз және мол жауын-шашын жауғанда дайын болу үшін аумақтағы арыз-атыздар салынып бітуі керек, — деді қала әкімі.

Былтыр аудан аумағында 13 мекенжайда 3,3 шақырым ирригациялық арықтар орнатылды. Ал биыл жауын-шашын шамадан тыс жауып, 52 мекенжайда су көлдеген. Су басуды алдын-алу үшін бірінші кезекте 7,3 шақырым құрайтын 21 нысанға ирригациялық жүйелер салу жоспарланды. Бүгінге дейін 14 мекенжайда жалпы ұзындығы 5,3 шақырым болатын арықтар орнатылып, бітуге жақын.

Олар Қарабастау тұрғын алабы, Бойыт ата, Қаратөбе тұрғын алабы, Гулабад, Қаратөбе тұрғын алабы, Наурыз, Тоғыс тұрғын алабы, Керуенсарай, Бадам-1 тұрғын алабы, Досметов, Ш.Уалиханов №190, Қызғалдақ, Теріскей №47, Сайрам №38а, Өркен, Б.Момышұлы, Саяжол. Қалған 31 мекенжайға ирригациялық жүйелер 2023-2025 жылдар аралығында жүргізіледі.

Айта кетейік, 2023-2025 жылдар аралығында Шымкент қаласы Еңбекші ауданындағы 31 мекенжайға ирригациялық арық орнату жұмыстары жүргізіледі. Қазіргі таңда мердігер мекеме «Профиленд» ЖШС-і Қызғалдақ көшесінде жұмыстар жүргізуде.

Тоқтар Жақаш

Бүгін, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда
19 тамыз, 12:15
InEco Fest 2025: Алматыда экология, инклюзия және қала мәдениетін біріктірген фестиваль өтті
19 тамыз, 11:59
Музыка – жасөспірім жанының айнасы
18 тамыз, 14:54
Заманауи аппараттардан – жақсы нәтиже
16 тамыз, 12:34
Шымкент: Жарты жылда 1181 ерекше бала оңалтудан өтті
15 тамыз, 12:19
Биғайша Нұрғазинова: Ерекше балалар қоғамға кірігуі тиіс
10 тамыз, 21:15
Түркістан: Абайдың сөзі – рухани құндылықтың алтын қазынасы
09 тамыз, 15:04
Бахадыр Мәдәліұлы: Мүгедектігі бар азаматтарға қолдау көрсету – мәслихат пен партияның ортақ міндеті
06 тамыз, 20:36
Алматыда көше және сәулеттік жарықтандырудың бірыңғай жүйесі жасалады