Мұрат Әйтенов «Аlan» халықаралық мектебінің құрылысымен танысты

25 мамыр 2022, 21:41

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов «ALAN» халықаралық мектебінің құрылыс барысын көрді. Заманауи стандарттарға сай келетін білім мекемесі осы жылдың қыркүйек айында іске қосылады.

Қаратау ауданында орналасқан мектеп 840 оқушыға лайықталған. Мұнда 1-11 сынып аралығындағы оқушылар қазақ, орыс және ағылшын тілінде білім алады. Оқу ғимаратында 60 пән кабинетімен бірге ашық және жабық түрдегі спортзал, кітапхана және асхана қаралған. Оқушылардың ғылыми жұмыстарға бағыттау үшін ғылыми зертханалар жасақтау көзделіп отыр.

Білім мекемесі толық күндік мектеп болғанымен ерекшеленеді. Оқушылар сағат 8:00-17: 00-ге дейін қауіпсіздігі қатаң бақылауға алынған смарт мектебінде қосымша біліммен қамтылады.

Мектеп іске қосылғаннан кейін барлығы 168 адамды тұрақты жұмыспен қамту жоспарланған. Кадрлар халықаралық білім беру бағдарламасы негізінде іріктеліп, үш тілді жетік меңгеруі міндеттеледі. Одан бөлек, шетелден білікті мамандарды шақыру көзделіп отыр. Білім беру әдісі STEAM, PBL, TRIZ, CLIL және өзге де әлемнің озық бағдарламасына негізделген.

Сонымен қатар, оқушылар спорт пен шығармашылық үйірмелері және сыныптан тыс ұйымдастырылатын іс-шараларға қатыса алады.

Өткен жылы Шымкентте 25 мектеп салынса, биыл 17 мектеп салу жоспарланды. Келер жылы үш ауысымды мектеп мәселесі толық шешілетін болады. Одан бөлек, Оқушылар сарайы мен Саз мектебі салынуда.

Өткен жылы Шымкент қаласында мемлекеттік білім беру бағдарламасы табысты жүзеге асыру үшін 1 қыркүйекте қалада 20 жаңа мектеп ашылып, 2 мектептің қосымша корпусы аяқталды. Осылайша мегаполисте апатты мектептер жойылып, үш ауысымды мектептер саны 14-тен 9-ға азайған болатын.

Биыл қалада 16 мектептің құрылысы жүргізіліп жатыр. Оның 11-і жеке инвестор есебінен салынуда. Нәтижесінде үшауысымды мектеп саны 9-дан 5-ке азаяды. Ал, 2023 жылы үшауысымдық мектеп мәселесі толық шешіледі.

Тоқтар Жақаш

25 сәуiр, 16:35
Түркістан: Полиция мен прокурорлар бірлескен рейд өткізді
25 сәуiр, 15:35
Түркістан полициясы алаяқтардың арбауына түсіп қалмауға шақырады
24 сәуiр, 14:05
Алматы: «Қарызсыз қоғам» қаржыны тиімді жұмсауға үйретеді
22 сәуiр, 15:46
Түркістан полициясы ұрыны ізін суытпай ұстайды
22 сәуiр, 14:37
Түркістан: Террористік тұрғыдан осал нысандар тексеріліп жатыр
22 сәуiр, 14:00
Түркістан полициясы интернет-алаяқтыққа қарсы пәрменді күрес жүргізеді
18 сәуiр, 13:34
Түркістан: облыс полициясы 8 тәулік ішінде 2312 құқық бұзушылықты анықтады
17 сәуiр, 15:44
Түркістан: Сайрамдық полицейлер алаяқтықтың алдын алды
16 сәуiр, 12:24
Түркістан: Жасөспірімдер арасында құқық бұзушылыққа жол берілмейді