jasqazaq.kz

Мұқасан Шахзадаев: Алатын айлығым — 157 мың теңге

28 қыркүйек 2023, 13:19

Әнші  Мұқасан Шахзадаев отандық бағдарламаға берген сұхбатында жұмысы мен жалақысына қатысты әңгіме қозғады.

«Алматыдағы Республика сарайында “Алматы әуендері” деген үлкен ұжым бар. Ол жерге 700 адамдай сыйды. Ұжымда “Сазген” фольклорлық ансамблі, симфониялық, камералық оркестр, “Жаңа ғасыр” деген театр, “Самұрық” би тобы, Роза Рымбаева, Нұрғали Нүсіпжанов, Асхат Тарғын сынды әншілер қызмет етеді. Мен сол ұжымның көркемдік жетекшісімін. Қызметімнің ешқандай қиындығы жоқ. Қолымызға күрек алып жер қазып жатқан жоқпыз. Өзімізге тиесілі жұмсы. Біз тікелей әкімдікке және қалалық мәдениет басқармасына қараймыз. Басты міндетіміз – Алматы қаласындағы іс-шараларда өнер көрсету», – дейді Мұқасан Шахзадаев.

Өнер иесі қазіргі кезде қанша айлық алатынын жасырмай айтты.

Айына “Алматы әуендерінен” алатын айлығым – 157 мың теңге. Басқа табыс көзі жоқ. Тек өнер жағындамын. Себебі екі кеменің басын ұстаған суға кетер дейді. Менің қолымнан кәсіп жүргізу келмейді. Бизнес жүргізе алатын адамдар болады. Біз алданып қаламыз, болмаса тегін бере саламыз.

JQ-Aqparat

 

06 мамыр, 13:50
Алматыда Tabiğat Labs-тың жаңа маусымы басталды
05 мамыр, 16:31
Телефон алаяқтарының арбауына түскен 25 жастағы жігіттің оқиғасы: “Бәрі бір қоңыраудан басталды…”
04 мамыр, 21:28
Ғибратты ғұмырдың жетпіс жетінші көктемі
02 мамыр, 15:32
“Эстрада 100 пайыз қазақыланды”. Қыдырәлі Болманов эстрададағы құпиясымен бөлісті (Видео)
30 сәуiр, 13:50
Алмасбек Нұғыман: Парламенттің қуатты болуы – халықтың қолдауынан
28 сәуiр, 14:24
Сары атлас көйлек
24 сәуiр, 14:22
Талғат Байеділов: Халық үніне әрдайым құлақ асамыз
24 сәуiр, 11:46
Сүтпен шай – дәстүр ме, әлде денсаулыққа қауіп пе?
16 сәуiр, 12:17
II Орталық Азия медиафорумы - ақпараттық ынтымақтастыққа арналған бірегей алаң