
Көрнекті ақын, жазушы Мұхтар Шаханов қазіргі уақытта жансақтау бөлімінде ем қабылдап жатыр. Бұл туралы «Мұхтар Шаханов» қорының төрағасы Нұржігіт Ысқақ мәлімдеді.
Оның айтуынша, 84 жасқа келген қаламгердің денсаулығы сыр беріп, дәрігерлердің тұрақты бақылауына алынған. Қазіргі таңда оған қажетті медициналық көмек көрсетілуде.
«Қазір көкеміз 84 жасқа келді. Бірақ денсаулығы сыр беріп, жансақтау бөлімінде жатыр. Ендеше, құрметті халайық, көкеміздің тез сауығып, ортамызға оралуы үшін дұға жасап қояйық!» – деп жазды қор төрағасы.
Қалың жұртшылық ақынның тезірек сауығып кетуіне тілек білдіруде.
View this post on Instagram