Мұхит Тұрғараев: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыру бағытында үздіксіз жұмыс жүргіземіз

26 шiлде, 11:34

Бүгінде Әділет департаменті тұрғындардың құқықтық сауатын арттыру бағытында үздіксіз жұмыс жүргізіп келеді. Бұл маңызды іске Түркістан облысының Әділет департаменті де өз үлесін қосуда.  Түркістан облысы Әділет департаментінің басшысы Мұхит Тұрғараев Jasqazaq.kz  тілшісіне өңірдегі әділет саласында атқарылып жатқан жұмыстар туралы әңгімелеп берді.

— Мұхит Бекетұлы, облыста нотариустар мен адвокаттардың қызметі қалай реттеледі?

Облыс бойынша нотариустардың жалпы саны – 197. Нотариустардың іс-әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) қатысты департаментке түскен арыз-шағымдардың саны – 54, оның ішінде негізді деп табылғаны – 1. Негізді деп табылған арыз бойынша нотариусқа тәртіптік жауапкершілік қаралды. Нотариаттық қызметпен айналысу құқығына берілген лицензиясының күшін тоқтатуға үш сот талап арызы берілді.  Нотариустардың қызметіне қатысты түскен арыз-шағымдар бойынша сенімді негіздер мен растайтын дәлелдемелер болған жағдайда (жеке және заңды тұлғаның құқықтары бұзылған жағдайда) жоспардан тыс тексеру тағайындалады. Тексеру нәтижесінде заңнама және ереже талаптарының бұзылуы анықталған жағдайда, нотариустың тәртіптік жауапкершілігін қарау туралы аумақтық нотариаттық палатаға ұсыныс беріледі. Ал жалпы арыз-шығымдар түскен жағдайда, түсіндірме жұмыстары жүргізіледі. Сонымен қатар, арыз-шағымдарды болдырмау, алдын алу мақсатында тоқсан сайын нотариустармен семинарлар өткізілуде.

Облыста 186 адвокат бар. Адвокаттардың іс-әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) қатысты департаментке түскен арыз-шағымдардың ішінде ешқайсысы да негізді деп табылған жоқ. Лицензиясы  уақытша тоқтатылу және мүлде айыру фактілері орын алған жоқ. Заң жағынан кеңес беру қызметі бойынша 200 заң консультанты бар, оның ішінде Түркістан облысының аумағында қызмет көрсететін заң консультантының саны -110.

— Облыс тұрғындары құқықтық сауатын ашуда белсенді ме?

— Құқықтық сауатын ашуда тұрғындарды өте белсенді дер едім. Қазір өздеріңіз білесіздер, әлеуметтік желінің дамыған заманында интернет алаяқтық деген белең алып барады. Қазір  желіде  сан түрлі айла бар. Ресми органдар қаншама рет ескерту жасап жатса да, алаяқтарға алданып, қаржысынан айырылып қалып жатқандар бар. Осы орайда азаматтардың құқықтық мәдениетін арттыру мақсатында әділет органдары  тарапынан 994 іс-шара атқарылды. Түркістан облысының Әділет департаментінің ұйымдастыруымен мемлекет кепілдік берген заң көмегін түсіндіру және халықтың құқықтық деңгейін арттыру мақсатында жақында Түркістан қаласы әкімдігінің «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ-нің «Әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ-нің «Қамқорлық» отбасын қолдау секторындағы азаматтарға құқықтық көмек көрсету бойынша кездесу өтті. Аталған шарада, әділет органдарының қызметкерлері, адвокат, заң консультанты, нотариус және жеке сот орындаушылар азаматтардың мәселелерін тыңдап, олардың Заң аясында шешілу жолдарын қарастырды. Сонымен қатар, кепілдендірілген мемлекеттік заң көмегі және азаматтарға кешенді әлеуметтік заң көмегін көрсету – әділет органдарының маңызды бағыттарының бірі екендігі түсіндіріліп өтті.

— Мұхит Бекетұлы, өңірде зияткерлік меншік құқығы мәселесі қалай шешіледі, осы жайында тарқатып айтсаңыз.

— Зияткерлік  меншік құқығы бойынша Қазақстан Республикасы «Тауар таңбалары, қызмет көрсету таңбалары, географиялық нұсқамалар және тауар шығарылған жерлердің атаулары туралы» Заңының талаптарын бұзу фактілеріне қатысты 8 арыз түсті. Оның ішінде 2 арызға ҚР Кәсіпкерлік Кодексінің 145 бабына сәйкес, тексерілетін субъект немесе объектінің толық мәліметі болмауына байланысты тексеру жүргізуге мүмкіндік жоқ екендігі туралы түсіндірме берілді. Ал 6 арыз бойынша жоспардан тыс тексеру жүргізіліп, 6 кәсіпкерге қатысты әкімшілік іс қозғалды. Халық арасында контрафактілік өнімдерге және зияткерлік меншік объектілерін заңсыз пайдалануға қарсы көзқарасты қалыптастыру мақсатында жалпы 104 іс-шара өөткізілді. Атқарушылық өндірісті қамтамасыз ету бойынша: Облыс көлемінде мемлекеттік сот орындаушылар саны – 15, жеке сот орындаушылары саны – 145.

— Бүгінде алимент төлеуден жалтаратын ер азаматтар көбейді. Сондай қашқын әкелерден алимент өндіруде қандай шаралар қолға алынды?

— Расында да, сот шешімі бойынша ата-анадан кәмелетке толмаған балалардың пайдасына алимент өндіру де өзекті мәселелердің бірі. Жалпы биылғы жылдың алты айында алименттерді өндіріп алу туралы атқару құжаттары бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылған борышкерлер саны – 84 болса, ҚР Қылмыстық Кодексiнің 139-бабы негізінде борышкердің қылмыстық жауапкершілігін қарау үшін жеке сот орындаушыларымен қылмыстық қудалау органына жолданған ұсыныстар саны – 7. Борышкерлерді жұмыспен қамту мақсатында 2024 жылдың 6 айында мансап орталықтарының ұйымдастыруымен 30 «Бос орындар» жәрмеңкесі өткен. Нәтижесінде, жеке сот орындаушыларымен үш айдан астам берешегі бар алимент төлеуші 200 борышкердің тізімі мансап орталықтарына ұсынылып, оның ішінде 43 борышкер жұмысқа орналасуға өтініш білдіріп, барлығы да  жұмысқа орналастырылған. Сондай-ақ облысымыздың сот орындаушыларымен борышкерлердің автокөліктерін ұстап, арнайы автотұраққа қою жөнінде 413 қаулы Түркістан облысы полиция департаментінің әкімшілік полиция басқармасына жолданып, нәтижесінде 48 автокөлік қамауға алынды.

Енді өңірдегі сот орындаушылардың жұмысына тоқтала кетсеңіз.

— Бүгінде  жеке сот орындаушыларына сот шешімі бойынша ата-анадан кәмелетке толмаған балалардың пайдасына алимент өндіру туралы атқарушылық құжаттардың орындалуына немқұрайлылық танытпауды және алимент есебіндегі берешекті азайту мақсатында атқарушылық әрекеттерді күшейтілген негізде жүргізуді тапсырып отырмыз. Ағымдағы жылдың  алты айының есебі бойынша жеке сот орындаушыларының орындауында 24 851 құжат болды. Жалпы аяқталғаны – 2 355 құжат. Қазіргі таңда 21 724 құжат орындалу үстінде. Ал мемлекет пайдасына айыппұл өндіру бойынша ағымдағы жылдың жарты жылдығында жалпы орындауда 370 933 атқару құжаты 14 070 936 143 теңгеге орындауда болған, оның ішінде 91 102 атқару құжаты 2 438 664 851 теңгеге орындалған. Түркістан облысы Әділет департаментінің Сот орындаушыларының қызметін реттеу және бақылау бөлімімен  Мемлекеттік және жеке сот орындаушылардың іс-әрекетіне қатысты түсетін талап-арыздарды азайту шараларына сәйкес тексеру нәтижесінде  2024 жылы 4 жеке сот орындаушы лицензиясынан айырылды, 2 жеке сот орындаушының лицензиясы уақытша тоқтатылды.   Мемлекет кепілдік берген заң көмегі бойыншаа департамент мемлекеттік кепілдік берген заң көмегін көрсетуге келісілген адвокаттардың саны — 102 .

Сондай-ақ мемлекеттік кепілдік берген заң көмегін көрсетуге келісілген 22 заң консультанттарының 18-і Түркістан облысы аумағында қызмет көрсетеді.  Заңда көзделген жағдайларда тегін заң көмегі көрсетілген азаматтардың саны 3487. Қылмыстық істер бойынша – 902, азаматтық істер бойынша – 26, әкімшілік іс – 98, құқықтық кеңес беруде – 2461. Оның ішінде1438 азаматқа заң консультанттары тарапынан құқықтық консультация берілген. Құқықтық түсіндіру жұмысын ұйымдастыру бойынша жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табады.

Мақпал Махаметқызы

Суреттер: Түркістан облысы Әділет департаментінің баспасөз қызметі

 

 

 

 

26 қараша, 14:17
Ғажайып крем қалтаны қақты
25 қараша, 14:24
Арнайы алимент қоры қашқын әкенің жүгін жеңілдетеді
24 қараша, 21:50
Алматыда XVII Халықаралық «Еуразия» кинофестивалі басталды
19 қараша, 15:33
Дәлел Уәшев: Қазақтың дәстүрлі өнері мен мәдениетін жетік біліп,  құрметпен қарауға міндеттіміз
12 қараша, 11:05
Red+ арқылы сатып алсаңыз 15% бонус
25 қазан, 11:56
Астық пен тасымал көбейсін!
23 қазан, 14:22
Президент: Бейбітшілік пен тыныштық - біздің ең құнды байлығымыз
18 қазан, 11:59
Алаяқтық жолмен несие рәсімдеуге банктердің қатысы бар ма?
16 қазан, 14:48
Қызылордада інісінің куәлігімен ағасын соттап жіберген