Мұхаметали Сабыров: Кәсіпорынды кеңейтуді көздейміз

20 қыркүйек, 14:02


Президент Қасым-Жомарт Тоқаев былтыр бизнес өкілдерімен кездесуде шағын кәсіпкерлік жұмыспен қамту ісінде және халықтың табысын арттыруда аса маңызды рөл атқаратынын айтқан болатын. Елімізде шағын кәсіпкерліктің тасын өрге домалату үшін салық барынша төмендетілді. Тексеру іс жүзінде жоқ, қолдау құралдары қарастырылған. Озық әрі жайлы цифрлық орта құрылды. Әкімшілік кедергілер де жыл сайын азайтылып жатыр. Дегенмен оны бизнестің ең маңызды орта сегментіне көшіру үшін ынталандыру жолдары қарастырылмағаын айтқан Мемлекет басшысы: «Осы ретте орта бизнестің сыртқы нарықта дамуы, бәсекеге қабілетті жаңа өнімдерді өндіруі және оны экспортқа шығаруы үшін мүмкіндіктері мен айтарлықтай ынталандыру құралдары бар.

Орта кәсіпкер әлдеқайда ширақ, мобильді және құбылмалы нарықтық жағдайларға тез бейімделеді. Иә, соңғы 7 жылда Жалпы ішкі өнімдегі шағын және орта кәсіпкерлік үлесінің өскені байқалады. Бірақ бұл динамиканың негізгі қозғаушы күші – шағын кәсіпкерлік субъектілері. Олардың саны 46 пайызға көбейді», — деп атап өтті.
Президент орта кәсіпкерлікті дамыту мақсатында заңнамаға шағын кәсіпкерлік субъектілерін ірілендіруге ынталандыратын өзгерістер енгізу жөнінде тапсырма берген еді. Соған орай бүгінде шағын кәсібін кеңейтіп, құлашын кең жазуға мүмкіндік мол.
Солардың бірі — Алматы облысы Жамбыл ауданы Ұзынағаш ауылындағы «Алатау» тігін фабрикасы. Jasqazaq.kz тілшісіне «Алатау» тігін фабрикасының Өндіріс жөніндегі бастығы Мұхаметәли Сабыров кәсіпорын жайында айтып әңгімелеп берді.
«Алатау» тігін фабрикасы 2022 жылы қазан айында ашылыпты. Ең алғашында отыз шақты тігінші жұмысқа қабылданса, бүгінде фабрика 70-ке жуық адамды жұмыспен қамтып отыр.
Біз фабрикаға кіргенде тігіншілер қысқы әскери киімдерді тігіп жатыр екен, Мұхаметәли Сабыровтың айтуынша, қазір тігіншілер қорғаныс министрлігінің тапсырысымен «Ұлттық ұлан» әскерлеріне қысқы форма дайындауда.


Мұхаметәли Сабыров: «Біз қазір Алматыдағы «Казлегпром» компаниясының филиалымыз. Біз сияқты өндіріс ошақтары Семейде, Алматыда, Іле ауданында бар. Компаниялармен келісімшартты «Казлегпром» өзі жасайды, біз тек бізге берілген жүктемені орындаймыз. Біздің филиал 100-ге жуық адамды жұмыспен қамтуы керек еді, әзірге 65 тігінші жұмыс істеп жатыр. Алдағы уақытта тағы да тігіншілер қабылдаймыз деп отырмыз. Біз тапсырысты мемлекеттік тендерлерге қатысып аламыз. Көбінесе компаниялар арнайы киімдер тапсырады, сондай-ақ қорғаныс министрлігінен әскери киімдерге тапсырыс аламыз. Қазір фабрикадағы жұмыс қарқынды жүріп жатыр»,- деді.
Кәсіпорын қажетті материалдарды Ресей мен Қытайдан, ал фурнитураларын отандық өндірушілерден сатып алады. Мемлекеттің қолдауымен өндірісті күшейтіп, алдағы уақытта қосымша фабрика ашу үшін Ұзынағаш ауылынан жер телімін алыпты. Оның құрылысын келесі жылы бастауды жоспарлап қойыпты.
Мұхаметәли Сабыров кәсіпорынның алдағы жоспарымен де бөлісті. Оның айтуынша, ғимараттың екінші қабаты жабдықталып, трикотаж цехы ашылмақшы.
«Алдағы уақытта кәсіпорын аясын кеңейтуді жоспарлап отырмыз. Екінші қабаттағы ғимаратқа жаңа құрылғыларды орнатып, трикотаж бөлімін ашамыз. Сонымен қатар аяқ киімнің астыңғы бөлігін тігетін неміс құрылғысын сатып алдық. Алдағы уақытта аяқ киімнің табанын жасауға кірісеміз. Одан бөлек, Ұзынағашта фабрика салуға жер алдық. Алдағы жылы құрылысты бастаймыз. Қазір мемлекеттік тапсырыстарды орындаумен айналысып жатырмыз. Тігіншілердің орташа айлығы 200-300 мың теңге көлемінде. Одан көп жүктеме орындап, 500 мың теңгеге дейін жалақы алатын тігіншілер бар. Жұмыскерлердің басым бөлігі — жергілікті тұрғындар мен Ұзынағаш ауылына жақын елді мекеннің адамдары. Арасында зейнетке шыққан апайларымыз да бар», — деді.
Кәсіпорын тапсырыстың көптігіне байланысты алдағы уақытта 30-ға жуық адамды жұмысқа тартамыз деп отыр.

Дайындаған Мақпал Махаметқызы

20 желтоқсан, 11:58
Абайлаңыз, ел ішін "Омикрон" кезіп жүр
18 желтоқсан, 16:00
“Жастар тоқтамай жаңа әндер жазуы керек”. Ерлан Көкеев трендтегі әндерге байланысты пікір білдірді
17 желтоқсан, 13:58
Телефон жоғалса не істеу керек?
17 желтоқсан, 12:23
«Ән мәтінін бақылайтын арнайы орган болуы керек». Ақын Асқар Дүйсенбі қазіргі әндердің мәтініне қатысты пікір білдірді
13 желтоқсан, 14:31
“Қайратпен өнерімізді түгел көрсетіп болдық”. Сырым Исабаев не себепті сахнадан кетті?
12 желтоқсан, 12:12
Ернұр Айнаев: Жастардың жыныстық сауатын арттыру қажет
11 желтоқсан, 12:47
Журналистер ақпарат бәсекесінде неге блогерден жеңіледі?
09 желтоқсан, 19:04
Жерге түкіру мен сағыз тастауды қалай шектейміз?
06 желтоқсан, 19:02
"Қаяқ, бұяқ" дейтіндер тілді бұзып жүр ме?