Мұхамеджан Тазабек күйеуіне қарағанда ақшаны көп табатын әйел туралы айтты (Видео)

24 шiлде 2023, 12:54

Белгілі айтыскер ақын Мұхамеджан Тазабек отағасына қарағанда көбірек табыс табатын әйелдерге қатысты пікір білдірді. Stan.kz сайты  психология ғылымдарының кандидаты Мұхамеджан Тазабектің осы мәселеге қатысты әйелдерге қандай ақыл-кеңес бергенін жазды.

“Қазір қоғамда ақшаны, дүниені күйеуінен көп табатын әйелдер кездесіп жатыр, төңірегімізде бар. Бұл жерде де нәзік мәселелер бар. Ол да бір Алланың сынағы ғой. Сіз ақшаны күйеуіңізден көп тапсаңыз, күйеуіңізге қандай қарым-қатынас жасайсыз? Оны төмен қарай езіп жібереміз бе, әлде ортақ дүние ретінде пайдаланып күйеуіңізбен ортадағы махаббатты күшейтесіз бе? Мысалы, Пайғамбарымыздың бірінші әйелі Хадиша анамыз күйеуінен көп тапты. Бірақ “мен көп таптым” деген жоқ, қайта күйеуінің тұлға болуына, жұртқа дінін жеткізуіне жәрдемдесті. Өзінің малын, дүниесін күйеуінің қоғамның алдындағы жұмысына жұмсады. Тарихты қарасаң кемел 4 әйел бар. Ертең жәннатта бүкіл әйелдерден биік тұрады. Соның бірі Хадиша анамыз. Неге десеңіз, сол өзінің тапқан дүниесін күйеуімен бөлісу, оның ұлы миссиясының жолында жұмсау арқылы Алланың алдында дәрежесі көтеріліп кетті. Сол сияқты сіз дүниені көп тапсаңыз, ол – тағдырыңыз. Алла әркімге әр қалай береді, бірде еркекке, бірде әйелге береді. Бірақ сіз оны қалай пайдаланасыз, сынақ сонда”, – дейді айтыскер ақын.

Алайда бұл жөнінде көпшіліктің ойы екіге бөлінді. Бірі ақынның айтқанын жөн көрсе, енді бірі мұны еркекті жалқаулыққа апарады деп санайды.

“Екі есе, көп тапсам да, ақша ортақ отбасымызға жұмсалады”, “Еркектің тапқаны бәрібір берекелі”, “Жұмыс әстеп, көп ақша табатын әйелді білемін. Ал күйеуі үйде жатып әйеліне дөрекі сөйлейді, ақша талап етеді”, “Көп тауып, ортада жаратып көрдік, жатып алды”, “Табысымыз ортақ”, “Еркек жаман үйреніп алады», – деп пікір қалдырды желі қолданушылары.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Muhamedjan Tazabek — ТӘЛІМГЕР (@mukhamedzhan_tazabek)

Бүгін, 14:35
Түркістан: Жасөспірімдерге арналған профилактикалық іс-шаралар өтуде
08 тамыз, 10:38
Мақсат Мақтабек: Заң – азаматтардың қорғаны
08 тамыз, 10:29
Түркістан: Қоғамдағы қауіпсіздік – тәртіп сақшысының күнделікті жұмысы
07 тамыз, 14:33
Түркістан: Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың жолын кесу және пробация
07 тамыз, 14:01
Түркістан: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыруға арналған шаралар
05 тамыз, 14:39
Түркістан: Қауіпсіздікті сақтау маңызды
01 тамыз, 16:07
Түркістан: «Қауіпсіз қоғам» жобасы - қоғам айнасы
01 тамыз, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды