Ақтөбе облысы Алға ауданының тұрғыны күйеуге шығып, тұңғышын босанған. Баласы туа бітті сал ауруына шалдыққан соң күйеуі мен қайын атасы үйден қуып шыққанын айтты.
«Атасы мен күйеуі келіншекті қуып жіберген. Алдымен Ақтөбе облыстық ішкі істер департаментіне барып, көмек сұрады, деп хабарлайды Aktobenews.kz.
Кейін дағдарыс орталығына орналастырылды. Бала жиі ауырады. Келіншек балаларды оңалту орталығына барғысы келмей, бізге келді. Енді бала түрлі ем алып жатыр, бұл жерде 6 ай жатып, түрлі көмек ала алады. Үнемі қолына ұстап, көтеріп жүреді. Себебі, бала өте кішкентай», — деді «Малика» дағдарыс орталығының директоры Гүлбадан Дауыт.