jasqazaq.kz

Мұғалімді боқтаған балаға гуманизм таныту керек пе?

27 мамыр 2025, 12:46

Назарбаев интеллектуалдық мектебінен 11 сынып оқушысының шығарылуы тағы да қоғамды екіге жарды. Мұғалімді орысша «ш» әрпінен басталатын сөзбен балағаттаған бозбаланы қазір ақтап, жақтаушылар көбейді, деп хабарлайды jasqazaq.kz.

Оқушы кешірім сұраған бейнежазба жариялап, өз тұрғысынан оқиғаның қалай болғанын баяндады. Ол бірнеше рет мұғалімнен кешірім сұрағанын, мектеп директорының өзі туралы жалған ақпарат таратқанын айтады. Шындығын айтқанда, кешірім сұрағанымен, бұл баланың жүзінен қылығына өкінген түр байқалмайды.

«Мен қазір тіпті тамақ іше қалмаймын» деп әлдекімге міндетсінетін секілді.

Қоғамдық белсенділер де білек сыбанып кіріскенге ұқсайды. Аида Бұқаева деген белсенді оқушының денсаулығы күрт нашарлағанын алға тартады.

«Қазір оны жедел жәрдеммен ауруханаға апара жатыр. Бүгінге дейін ол емтихан тапсыруға рұқсат береді деп ойлап еді. Тапсырмайтынын түсінгенде жағдайы нашарлады», — дейді ол.

Балалар құқығы бойынша аймақтық өкіл Диана Ерлан оқушының ауруханаға жатқызылғанын растап, оның әкесімен сөйлескенін, ертең ата-анасымен мектепте кездесу болатынын жеткізді.

Оқу-ағарту министрлігі де осы оқиғаға қатысты пікір білдірді. Министрлік хабарламасында: «Қазақстанда ұстаздың мәртебесі заңмен бекітіліп, оның қоғамдағы айрықша рөлін айқындалған. Ата-аналар мен оқушылар мұғалімге сыйластық танытып, білім беру жүйесіне деген сенім онда жұмыс істейтін адамға сенім көрсетуден басталатынын ұмытпауы қажет. Олардың кәсіби ар-ожданына күмән келтіруге болмайды. Оқу-ағарту министрлігі ұстаз мәртебесіне нұқсан келтіретін кез келген іс-әрекетті айыптайды», — делінген.

Дегенмен министрлік ақырғы шешім қабылдауды НИМ-нің құзырына қалдырып отыр. Осыдан кейін мектеп басшылығының «гуманистік» шешім қабылдауы ғажап емес.

Сурет: Видеодан кадр/nis.edu.kz

08 сәуiр, 15:45
Скверлер, жағалаулар мен аулалар: Алматының Жетісу ауданында 12 гектар көріктендіріледі
07 сәуiр, 14:46
Астанадағы білім беру ұйымдарында тәрбиелік мәні бар іс-шаралар өткізіліп жатыр
07 сәуiр, 14:43
«Таза Қазақстан»: елордалық зауыт аумағында ауқымды тазалық өтті
06 сәуiр, 10:50
OPEC+: Қазақстан мұнай өндірісі көлемін арттырады
03 сәуiр, 19:34
EQ — табысқа жетудің жаңа формуласы
31 наурыз, 20:53
Найти работу в Астане станет проще: Карьерный центр открылся в трех точках города
31 наурыз, 20:52
"Пропущенная доставка": астанчан предупреждают о новой схеме мошенников
31 наурыз, 20:49
Защита Родины — дело настоящих мужчин!»: в Астане проводили в армию очередную группу молодых людей
31 наурыз, 15:42
Отандық экотуризм: Жаңа бағыт, қарышты қадам