jasqazaq.kz

Мыңдаған визамен Қытайдан кімдер келді?

01 қараша 2016, 22:49

viza

Бүгінгі таңда Қытайдың Бейжің қаласында Қазақстан елшілігі, Шанxай мен Гонгконгте бас консулдық, сондай-ақ Үрімжі қаласында паспорттық-визалық қызмет жұмыс істейді.

Аталған нысандардың барлығында Қытай азаматтарына қазақстандық визалар беріледі, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бүгінде мыңдаған Қытай азаматтары Қазақстанға келіп, осы жерде қалып қояды деген тұспалдар бар. Сондықтан Бейжің, Шанxай, Гонгконг пен Үрімжіде берілеген визалардың жалпы санын, оның кімге берілетінін баяндап берейін», — деді Қазақстанның Қытайдағы Төтенше және Өкілетті елшісі Шаxрат Нұрышев бүгін Астанада өткен баспасөз мәслиxатында.

Оның мәліметіне сәйкес, өткен жылы Қытай Халық Республикасының азаматтарына 118 321 виза берілді. Соның ішінде 83 358 визаны, яғни барлық рұқсат қағаздарының 70 пайызын сол жерде тұратын қазақтар алды. Қалғаны — жұмыс, туристік және білім алу үшін берілетін визалар. «Ал ағымдағы жылдың тоғыз айы ішінде 86 203 виза рәсімделді. Оның ішінде 58 474 виза немесе 68 пайызы этникалық қазақтарға берілді. 15 мыңнан астамы — іскерлік визалар, 6 мың жұмыс визасы, 5 мың туристік, 299 оқуға, 322 қызметтік, 23 инвесторлық және 56 транзиттік визаны басып бердік», — деп атап көрсетті елші.

ҚазАқпарат

Бүгін, 16:24
Мақсат - сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілік қағидатын қалыптастыру
26 наурыз, 14:08
Әлібек Молдакәрімов: Өңірдегі жобалар негізінен өңдеу өнеркәсібіне бағытталған
26 наурыз, 12:46
АЭС құрылысы: Дұрыстығы дәлелденген тарихи шешім
20 наурыз, 11:24
Қорғаныс қабілеті мықты мемлекет ертеңге сеніммен қарайды
19 наурыз, 12:31
Әскери ынтымақтастық: Қуатты қорғаныс саясатының берік кепілі
18 наурыз, 13:39
«Таза Қазақстан» әркімнің өзінен басталады
18 наурыз, 12:56
Мирас Тоқтарханов: Абай облысында ауыл шаруашылығының барлық бағытына қолдау бар
17 наурыз, 15:22
Мұнай өңдеу: Әлеует пен әрекет үндескенде
17 наурыз, 12:25
Рәтбек Демеуберген: Біздің басты міндетіміз - кез келген жағдайға жедел әрекет ету