jasqazaq.kz

Туристі алдаған кәсіпкер өтемақы төлегісі келмейді

02 қараша 2016, 22:16

trevel

Тентіреткен туристеріне төлейтін теңгесі жоқ! Атышулы «Трэвел Систем» туристік компаниясын басқарған Роман Хан Түркияда дұрыс демала алмай қайтқан отандастарымызға көк тиын да төлемейтінін айтты. Бір жыл бұрын жүздеген адамның жолдамасын жоқ қылып, шетелде әбден сандалтқан кәсіпкер сотқа енді ғана тартылған. Алайда оның өзі басталып болар емес. Ханның адвокаты бүгін де іспен әлі толық таныспадым деп, отырыс төртінші мәрте кейінге қалдырылды.

turist

Бұлардың бәрі«Трэвелсистемнен» көресіні көргендер. Өздерін Түркияда қаңғыртып қойғаны үшін компанияның сазайын тартқызбақ боп сонау Ақтау, Астана, Қарағанды, Шымкенттен келген. Бас-аяғы жетпістен асатын жәбірленушілердің арасында «Трэвел Системге» оңбай алданған агенттіктер де бар.

Айбек Сәрсенбек, туристік компания директоры:

-Туристерге өз қалтамыздан төледік. Бұл компаниядан алған жолдаманың бәрі жалған боп шықты. Әуе билеттеріне дейін қаржыны өз қалтамыздан шығардық. Енді «Трэвел Систем» шығынымызды өтесін. Шығын мөлшері – 1 миллион 300 мың теңге.

Ал жүздеген туристі жазғы демалысқа жарытпай қойғанына қарамастан, аталған компания директоры Роман Хан жайбарақат жүр. Келтірген залалы миллиардтан асатын кәсіпкер кепілдікке қыруар ақша төлеп, сотқа үйінен келіп жүр екен. Өзі тентіреткен туристердің қасында тұрудан қымсынбаған Хан оларға көк тиын да өтемақы төлемейтінін ашық айтты.

Роман Хан:

-Өтемақы төлейтін ақшам да мүмкіндігім де жоқ.

Ол тұрмақ, турфирма басшысы туристердің шетелде тентіреп қалғанынан да хабарсыз болып шықты. Компания қожайыны тіпті дүйім елдің қонақ үйлерден қуылғанын да білмеген көрінеді. Өйткені ол кезде өзі телефонын сөндіріп, Анталияда демалып жүрген.

Болат Еспаев, жәбірленуші:

-Еуропаға қашпадым  Анталияда демалып жаттым дейді. Сенбеймін, алдын- ала дайындалған ғой. Не мүлігі жоқ «Трэвелсистемнің» атында, не машиналары жоқ, банкте  шоттары жоқ. Сот орындауышлар арест қойғанда ешнәрсе жоқ

Осылайша, былтыр туристер елге қайта алмай алашапқын болғанда, Анталияда алаңсыз күнге қыздырынған Роман Хан енді ғана сотқа тартылып жатыр. Бірақ оның өзі басталып болар емес. Өйткені адвокаты әлі іспен танысып біте алмай, сот процесі осымен төртінші мәрте кейінге қалдырылуда. Есесіне, Түркияда тентіреген туристер тағы сандалуға мәжбүр. 70 томдық қылмыстық істе жәбірленуші ретінде жүздеген турист пен ондаған турфирма қатысып жатыр.

ktk.kz

Бүгін, 16:24
Мақсат - сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілік қағидатын қалыптастыру
26 наурыз, 14:08
Әлібек Молдакәрімов: Өңірдегі жобалар негізінен өңдеу өнеркәсібіне бағытталған
26 наурыз, 12:46
АЭС құрылысы: Дұрыстығы дәлелденген тарихи шешім
20 наурыз, 11:24
Қорғаныс қабілеті мықты мемлекет ертеңге сеніммен қарайды
19 наурыз, 12:31
Әскери ынтымақтастық: Қуатты қорғаныс саясатының берік кепілі
18 наурыз, 13:39
«Таза Қазақстан» әркімнің өзінен басталады
18 наурыз, 12:56
Мирас Тоқтарханов: Абай облысында ауыл шаруашылығының барлық бағытына қолдау бар
17 наурыз, 15:22
Мұнай өңдеу: Әлеует пен әрекет үндескенде
17 наурыз, 12:25
Рәтбек Демеуберген: Біздің басты міндетіміз - кез келген жағдайға жедел әрекет ету